• RU
Среда, 20 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Патронат тәрбиешілер қызметінің төлемақысы көбейді

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Патронат тәрбиешілер қызметінің төлемақысы көбейді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Комитет төрайымы Насымжан Оспанованың айтуынша, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасылық құрылымы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Патронат тәрбиешілердің қызметтеріне төленетін төлемақы мөлшерін арттыру бірқатар нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

           «Біздің ойымызша, патронат тәрбиешілердің қызметтеріне төленетін ақыны арттыру осы отбасыларда тәрбиеленетін балалардың өмір сүру деңгейін жақсартады», – дейді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Бүгінде елімізде отбасылық орналастырудың 4 балама түрі бар: бала асырап алу, қорғаншылық (қамқоршылық), патронат және қабылдаушы отбасы.
Айта кетейік, интернат ұйымдарында 3 мыңнан астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тәрбиеленіп жатыр. Соңғы 10 жылда балалар үйінің саны 2,5 есеге, ал ондағы тәрбиеленушілер саны 3 есе азайған. Бұған интернат ұйымдарын денституционализациялау, отбасылық орналастырудың балама нысандарын енгізу және жетім балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды материалдық қолдау саясаты әсер етті.

Бұл бағыттағы бастамаларды әрі қарай да тиімді жүзеге асыру үшін министрлік Патронаттық тәрбие туралы ережеге өзгерістер енгізіп, нәтижесінде патронат тәрбиешілердің қызметтеріне төленетін ақыны көбейту заңнама тұрғысында реттелді.

Tags: Патронат
Jasyn

Jasyn

Next Post
В области Абай состоялась церемония награждения участников республиканской спартакиады педагогов колледжей Казахстана

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстан Халық партиясы еліміздің Конституциясына 5 түзету енгізу туралы бастама көтерді. Аталған түзетулерді бүгін Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біріншіден, жер, оның қойнауы мен байлығы Қазақстан халқына тиесілі. Біз әрбір қазақстандықтың жер мен пайдалы қазбаларды иеленудің, одан табыс алудың конституциялық құқығы үшін жердің, жер қойнауы мен байлығының халықтық меншігін бекітуді ұсынамыз. Екіншіден, мемлекет ерлер үшін 63 жастан, әйелдер үшін 58 жастан бастап зейнетке шығуға кепілдік береді. Біз негізгі әлеуметтік кепілдік ретінде Конституцияда азаматтардың зейнетке шығу жасын белгілеуді және бұл мәселеде алдағы бірнеше жылға нүкте қоюды ұсынамыз. Бұл ретте әйелдер үшін зейнет жасын арттыру шешімін түзетіп, оны 58 жасқа дейін төмендету қажет деп санаймыз», – деді партия төрағасы, Оның айтуынша, үшінші түзету– мемлекет жыл сайын зейнетақыны, шәкіртақыны және әлеуметтік жәрдемақыны өткен жылғы инфляциядан жоғары деңгейге индекстеуге міндеттенеді. Осы ретте Халық партиясы зейнетақыны, шәкіртақыны және бюджеттен төленетін барлық әлеуметтік төлемдерді жыл сайын міндетті түрде инфляция деңгейіне индекстеу туралы түзетуді ілгерілетеді. Бұл шығыстар басым сипатқа ие болуы керек және Үкіметтің шешімдеріне тәуелді болмауға тиіс. Төртінші, мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобаларын енгізу кезінде Үкіметтің оң қорытындысының болуы туралы норма алынып тасталуы қажет. «Бесінші – атқарушы биліктің Парламентке есептілігін бекіту. Атқарушы билікке парламенттік бақылауды күшейту қажет. Министрлер депутаттарға үнемі есеп беруі керек. Есеп бекітілмеген және сенімсіздік білдірілген жағдайда министрлер отставкаға кетуге тиіс», – деді Ермұхамет Ертісбаев.

3 года ago
Данияр Ақышев Елбасының көмекшісі қызметінен босатылды

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In