• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Парламент қоғамда дау туғызған кибербуллинг туралы заң жобасын қабылдады

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Парламент қоғамда дау туғызған кибербуллинг туралы заң жобасын қабылдады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжіліс баланың құқығын қорғау туралы заң жобасына Сенат енгізген түзетулерді мақұлдады. Құжат президенттің қол қоюына жіберілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аталған заң жобасы қоғамда дау туғызған болатын. Қазақстандықтар билік балаларды кибербуллингтен қорғаймыз деген желеумен әлеуметтік желілердің жұмысын шектейді деп алаңдады. Осыған байланысты Парламент Сенаты Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына екі өзгеріс енгізді. Атап айтқанда, кибербуллинг фактілері туралы арыз-шағымдарды қарайтын сарапшылар комиссиясы құрылады және әлеуметтік желілерден тек кибербуллингке қатысты ғана материалдар өшіріледі.

«Сенат енгізген түзетулер мемлекеттік органдардың балаға зиян келтіретін, Қазақстан аумағында таратылуына тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған ақпаратты орналастыруға жол берген интернет-ресурстармен өзара іс-қимыл жасау тетігін өзгертуді көздейді», — деді Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Жәмила Нұрманбетова.

Сенат депутаттары бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органға балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша сараптама жүргізу тәртібін айқындау жөнінде құзырет беруді, сондай-ақ интернет-ресурстарға қол жеткізуді тоқтата тұруға негіз ретінде кибербуллинг фактілерін заңнамалық түрде айқындауды ұсынды.

Заң жобасынан БАҚ саласындағы уәкілетті органның тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуді шектеу тәртібін айқындау жөніндегі құзыреті алынын тасталды.

«Бұл түзетулер Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасы мен мазмұнын өзгертпейді», — деді депутат.

Осылайша төменгі палата Сенат енгізген өзгерістермен келісті. Парламент қабылдаған заң президенттің қол қоюына жіберілді. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов осы заңды әзірлеген әріптестеріне – Айдос Сарым мен Динара Зәкиеваға алғыс айтты. Бұған дейін елордада әлеуметтік желілерді шектеуге қарсы митинг өткен болатын.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Елімізде доллар арзандағанымен, баға неге түспейді? Маман жауап берді

Елімізде доллар арзандағанымен, баға неге түспейді? Маман жауап берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІНІҢ 27 ЖЕҢІМПАЗЫ ПЛАНШЕТТЕР, ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДАР МЕН НОУТБУКТЕР ЖЕҢІП АЛДЫ: ОҚУШЫЛАРДЫ АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ МАРАПАТТАДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІНІҢ 27 ЖЕҢІМПАЗЫ ПЛАНШЕТТЕР, ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДАР МЕН НОУТБУКТЕР ЖЕҢІП АЛДЫ: ОҚУШЫЛАРДЫ АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ МАРАПАТТАДЫ

2 года ago
Қарашөкеев ауруханадағы түскен балалардың жағдайын білді

Қарашөкеев ауруханадағы түскен балалардың жағдайын білді

2 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In