• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Шоу-бизнес

Пандемиядан кейінгі той-бизнес: Отандық әншілердің тойда ән айту құны қалай өзгерді

by Jasyn
06/03/2024
in Шоу-бизнес
0
Пандемиядан кейінгі той-бизнес: Отандық әншілердің тойда ән айту құны қалай өзгерді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Пандемия салдарынан отандық әншілер мен шоумендердің бірталайы табыс көзінен қағылғаны белгілі. Алайда қыркүйек айының соңында елімізде ресми түрде той жасауға рұқсат беріліп, арнайы қаулы шықты. Осылайша, той-бизнес қайта жанданып, әншілерге деген сұраныс арта түсті. «Aikyn.kz» басылымы әншілердің тойдағы гонорарының қалай өзгергенін анықтап көрді.

Елімізде той жасауға рұқсат берілген қаулының шыққанына да біраз болды. Қазір мейрамханаларда күнде той-думан өтіп жатыр. Асаба мен әншілердің де бизнесі қайта жанданды. Басылымға жуырда той жасамақ болып, әр әншімен жеке-жеке хабарласқан елорда тұрғыны әншілердің тойға шығу құнына қатысты деректермен бөліскен. Белгілі әнші Қайрат Нұртастың өкілі хит әншінің 7 мың доллар сұрайтынын айтқан. Сонымен бірге, ұшақ билеті мен қонақүй ақысын той иесі төлеуі керек екен. Осы талапты орындаған соң сүйікті әншіңіз 7-8 әнін орындап береді.

Қайрат Нұртаспен салыстырғанда әнші Ерке Есмаханның бағасы арзанырақ болған. Оның тойда жарты сағат ән салып беруі – 5 мың доллар. Онда да ұшақ билеті мен қонатын жері той иесінің мойнында. «Әуелі келісімшартқа отырамыз, онсыз ештеңе шешілмейді. Осыдан кейін алдын-ала ақшаның 50 пайызы төленуі тиіс. Содан кейін билет қолға тиген соң, астанаға келіп, тойда 6-7 ән орындап береді», – деп түсіндірген әншінің көмекшісі Ақмарал. «Музарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің бес әні миллион теңге тұрады. Әрине, ол да өзге әншілердікі секілді қонақүйі мен ұшақ шығынын ұйымдастырушы тарап төлеу керектігін жеткізген. Сондай-ақ той иесі асабалардың да құны құбылып тұрғанын жеткізді.

«Олар қызметінің бағасын айтпас бұрын сені зерттеп алуға тырысады. Кімсің, қайда жұмыс істейсің, құдалар кім дегендей бірнеше сұрақтың астына алады да ойына келген бағаны қоя салады. Мәселен той өткізуге 500 мың сұрағандар болды. Сондай-ақ 50-100 мың теңгеге бүкіл техникасымен келіп, шоу өткізіп беруге дайын екендер де табылды. Тіпті ондайлар көп екен. Соған қарағанда пандемия әншіден гөрі тамадаға ауыр тиген секілді», — дейді тұрғын.

Елімізде той өткізуге рұқсат берілгенмен кісі санына шектеу бар. Сонымен бірге, шараға қатысушылардың Ashyq-та «жасыл» мәртебесі болуы керек.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Зейнетақыны Kaspi Gold картасына алу жеңілдей түсті

Зейнетақыны Kaspi Gold картасына алу жеңілдей түсті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қанат Таймерденов Алматы полиция департаментінің басшысы қызметінен кетті

Қанат Таймерденов Алматы полиция департаментінің басшысы қызметінен кетті

3 года ago
Каждое 10-ое ДТП происходит из-за сна за рулем : жамбылские полицейские бьют тревогу

Каждое 10-ое ДТП происходит из-за сна за рулем : жамбылские полицейские бьют тревогу

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In