Өткен сәуір айында отандық өндіруші кәсіпорындарда сұйық май 8,6% қымбаттады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі хабарлайды.
Биылғы сәуір айында оның алдыңғы наурыз айымен салыстырғанда өнеркәсіптік өнім өндіруші отандық кәсіпорындарда баға 4,9% өсті.
Өткен айда азық-түлік өнімдерінен кәсіпорындарда баға көтерілді:
— өсімдік майына 8,6%;
— құс етіне 3,5%;
— мал етіне 3,1%;
— жармаларға 2,6%;
— қантқа 2,4%;
— макарон өнімдеріне 1,2%;
— бидай ұнына 0,8%;
— күрішке 0,5%;
— сүт өнімдеріне 0,3%.
Бағасы арзандаған азық-түлік:
— қара бидай ұны 7,1%:
— шай 0,2%.