• RU
Воскресенье, 18 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Орман алқаптарында ағашқа сұраныс азайған

by Jasyn
20/10/2024
in Әлеумет, Экономика
0
Орман алқаптарында ағашқа сұраныс азайған
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сенатор Жанболат Жөргенбаев айтуынша, елімізде мемлекеттік орман қорының ауданы 30,9 млн.   гектарды құрайды, оның ішінде орманмен көмкерілген 13,7 млн гектар бар.  Ел аумағының 5%-ы ғана орман алқаптарымен қамтылған. 

Соңғы уақытта шалғайдағы орман алқаптарында ағашқа сұраныс саны азайған. Мемлекеттік орман иеленушілерге оны өткізу үшін мүмкіндік жоқ. Өйткені алыс елді мекендерге тасымалдау шығынды ақтамайды. Бұл қураған және ауру ағаштардың жаппай көбеюіне, зиянкестер мен аурулардың мемлекеттік орман қорының барлық аумағында одан әрі жаппай таралуына әкеледі. Сенатор сонымен қатар, мемлекеттік орман иеленушілер сатылмаған сүрек үшін Мемлекеттік кірістер департаментінің алдында қарыздар болып жатқанын атап өтті. Осыған байланысты, Салық кодексіне сәйкес, сүрек үшін базалық ставкалар жыл сайын өседі, бұл  сүрек құнының  қымбаттауына әкеліп отырады.

«Орман қоры аумағындағы орман күтіп баптау және санитарлық ағаш кесу жұмыстары мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылуы тиіс, алайда іс-шараларға  қаржы қарастырылмаған, керісінше, 2009 жылдан бастап ормандардың санитарлық жай-күйін қамтамасыз ету мақсатында ағаш кесу жұмыстарын жүргізетін мемлекеттік орман иеленушілері орманды пайдалану төлеушілер тізіміне енгізілген. Салық кодексіне орман иеленушілерді өртенген жерлерді күтіп-баптау мақсатындағы, санитарлық және іріктеп кесулерді жүзеге асырудағы сүректі түбірімен алып тастау төлемінен босатуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарастыру қажет. Қазақстанда  өткен жылы 5 мыңнан астам орман өрті тіркелсе, биыл 395 орман және 15 дала өрті болған.  Еліміздегі орман шаруашылығы саласына бақылау орнату керек. Орман шаруашылығында жергілікті әкімдіктердің бақылауымен ағаш кесу және орман билеттерін беру қызметі веб-портал арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті әкімшіліктердің қарауындағы орман шаруашылықтарында цифрлық жүйені әзірлеуді және осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарастыруды сұраймын», — деді Жанболат Жөргенбаев.

Сенатор орман шаруашылығына және табиғатты қорғауға дұрыс мәдени қатынас қалыптастыру қажеттігіне де назар аударды. Табиғатты қорғау және сақтау жауапкершілігі тек қоршаған ортаны қорғау мамандарына ғана емес, әр азаматқа да жүктеледі. Депутат жергілікті әкімшіліктердің бақылауындағы мекемелерде ақылы қызмет көрсетуді қарастыруды ұсынды және орман мекемелерінің қызметкерлері үшін нормативтік жалақы мөлшерін қайта қарауға шақырды, өйткені олар ұдайы төмен деңгейде қалып келеді.

Фото: BAQ.KZ

Jasyn

Jasyn

Next Post
Талдықорған қалалық ауруханасы қарыздан көз аша алмай отыр

Талдықорған қалалық ауруханасы қарыздан көз аша алмай отыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Елімізде алдағы күндері 46 градусқа дейін ыстық күтілуде

Елімізде алдағы күндері 46 градусқа дейін ыстық күтілуде

4 года ago
Қазақстандағы тағы бір университет бас лицензиясынан айырылды

Қазақстандағы тағы бір университет бас лицензиясынан айырылды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In