Қазіргі таңда Ордабасы ауданы барлық бағытта дамудың жаңа белесіне көтерілген, облыс экономикасына өзіндік үлесі мол өңір ретінде өркендеп келеді. Оның ішінде
Ауыл жастарының спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануы үшін спорт кешенін салу өзекті мәселелердің бірі. Ордабасы ауданында спортқа әуес жастар өте көп. Қалай айтсақ та бұқаралық спортты дамыту – ұлт саулығының кепілі екенін ақиқат. Спорт – әлемдік аренада ел абыройын асқақтатын, елдің, ұлттың атын шығаратын бірден бір сала. Спортқа көңіл бөлу – елдің абыройына назар салу деген сөз. Ал, еліміздің беделін көтеретін спортшылар қайдан шықпақ? Әрине, ондай жастар жер-жерлердегі спорт залдардан, жаттығу кешендерінен шығады.
Сондықтан да спорт кешендерін салу, оларды қарапайым халық арасында қолжетімді ету қажет. Егер спорт кешендеріне кіру үшін жастарға жеңілдік жасалса бұл өз кезегінде бұқаралық спорттың дамуына, осы саланың жалпыхалықтық сипатқа ие болуына оң ықпал ететіні анық.
Ордабасы ауданында жеке инвесторлардың есебінен 2023 жылы 8 спорт нысаны, биыл 5 спорт нысаны пайдалануға берілді. Сонымен қатар 5 елді мекеннен, нақтырақ айтсақ, Шұбар, Бөржар, Көктөбе, Шұбарсу,Темірлан елдімекендерінде спорттық-сауықтыру кешені құрылысын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, қаржыландыруға облыстық салалық басқармаға сұраныс жолданды.
Енді міне, жақында Ордабасы ауданына қарасты Бадам ауылдық округінің Ақбұлақ елді мекенінде ашық футбол алаңшасы пайдалануға берілді.
Екі мыңға жуық тұрғыны бар елді мекенде өткен салтанатты шараға аудан әкімі Азат Оралбаев және ауыл тұрғындары қатысты.
Бұл футбол алаңшасы аудан әкімінің бастамасымен аудан әкімдігі мен Бадам ауыл округінде орналасқан кәсіпорындар арасындағы мемарандум негізінде салынып отыр. Міне айтулы іс-шара да осының дәлелі. Былтырғы жылы 2 осындай ойын алаңшасы Дербес, Мамыр елді мекендерінде пайдалануға берілген болатын.
Кәсіпорындар демеушілігімен іске асырылған жоба аясында бұдан былай қоғам арасында саламатты өмір салтын ұстанатын азаматтар мен спортты жанына серік ететін тұрғындар қатары көбейе түсетін болады.
Жиында сөз сөйлеген аудан әкімі мұндай іс-әрекет ел ішінде кеңінен насихатталуы тиіс екендігін айрықша атап өтті. Өйткені, бұл ұлт саулығын нығайтуға бағытталған игі шаралардың бірі.
«Бүгінде аудан әкімдігі осындай демеушілермен бірлесе отырып, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарта түсу үшін барынша жағдай жасауда. Мұнда балалармен бірге ауыл тұрғындары бір сәт бой сергітіп, спортпен шұғылданады», – деді Азат Әбдіғалиұлы.
Ал, халықты баспанамен қамтып, оның ішінде әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға баспана сыйлау үлкен қайырымдылық іс. Қайырымдылық жүректі нұрландырады, өмірге мән дарытады.
Жақында Түркістан қаласында 260 пәтерлі, 3 көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға тапсырылып, көпбалалы аналар, жетім балалар улкен қуанышқа кенелді. Тұрғындардың қуанышын бөлісуге облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы барып, азаматтарға баспана кілтін табыс етті.
– Облыс орталығының тұрғындары қуанышқа бөленіп отыр. Біз халықты баспанамен қамту бағытындағы жұмыстарды тоқтатпаймыз. Бізден бір ғана талап – айналаны таза ұстап, тазалықты сақтау, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан қаласының «Отырар» секторы аумағында 20 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Оның ішінде 9 тұрғын үйді «Бастау» корпорациясы арқылы сатып алу жұмыстары жүргізіліп, кезекте тұрған азаматтарға үлестірілуде. Бүгін 3 тұрғын үй 123 көпбалалы отбасына, 129 халықтың «әлеуметтік жағынан әлсіз топтары» санатына енетін азаматтарға және 8 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша қазіргі таңда Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде баспанаға мұқтаж 16 515 азамат тұр. Жергілікті тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл облыс орталығында кезекте тұрған 222 отбасы арендалық баспанамен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар жыл соңына дейін кезектегі азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 1728 пәтерлі 20 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Фото: Ордабасы ауданының әкімдігі