Ашық диалог алаңында студенттер оқу жағдайларын жақсарту бойынша өз көзқарастарымен бөлісіп және еліміздің бас педагогына тікелей сұрақтар қоя алды. Олар стипендияны көтеруге, студенттердің өзін-өзі басқару ұйымдарын құруға және шетелде тәжірибе алмасу мүмкіндігіне қатысты болды.
«Министрлік техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру бойынша бірқатар шаралар қабылдауда. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледж студенттеріне стипендия 50% — ға, келесі жылдың көрсеткіші 100% — ға, яғни екі есеге дейін артады. Колледж студенттері әлеуметтік пакетпен – жол төлемдерімен және ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Дуалды оқыту шеңберінде колледж студенттеріне практикадан өту кезінде еңбек өтілі есептеледі. Колледж студенттері үшін жыл сайын 2000 — нан астам орынға жатақханалар салу жоспарлануда», — деді Ғайни Бейсембаев.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде барлығы 772 колледж жұмыс істейді, онда 517 мыңнан астам студент оқиды.