• RU
Воскресенье, 11 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Оқушылар спорт залда ұйықтап, сыныпта тамақ ішуге мәжбүр

Алматыда орналасқан, жарты ғасыр тарихы бар Ибрагим Нүсіпбаев атындағы №4 мектеп-интернаттың орны ерекше.

by Jasyn
28/02/2025
in Қоғам
0
Оқушылар спорт залда ұйықтап, сыныпта тамақ ішуге мәжбүр
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ол Алматы қаласындағы алғашқы қазақ мектебі деуге болады. Білім ошағы малшылардың дарынды ұл-қыздарының, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардан шыққан және жетім балалардың үлкен қалада сапалы білім алуы үшін арнайы салынған болатын.

Білім ошағы Алматы қаласында орналасқанымен, Алматы облысына қарайды.

Осынау байырғы мектеп қабырғасынан елімізге белгілі көптеген тұлғалар шыққан. Олардың қатарында белгілі жазушы Смағұл Елубай, әйгілі композитор Әсет Бейсеуов, қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері Асқар Тоқпанов сынды елге еңбегі сіңген, әр саланың майталманына айналған  бірегей қайраткерлер бар.

Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов еліміздегі ең ірі мегаполис – Алматының қақ ортасында орналасқан бұл білім ордасының қазіргі жағдайы өте мүшкіл екенін айтады. Мектеп жиырма жылдан астам жөндеу көрмей әбден тозығы жеткен.

Жалпы 350 оқушыға арналған мектепте бүгінде оқушы саны екі есеге қысқартылып, 176 бала білім алып жатыр. Алайда олар спорт залда ұйықтап, оқу сыныбында тамақ ішуге мәжбүр.

Мектепке күрделі жөндеу жүргізу үшін үш жыл бұрын бюджеттен 503 миллион теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсын «ГрадСтройСервис» ЖШС ұтып алған болатын. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары төрт айдың ішінде аяқталуы тиіс еді. Бірақ жауапсыз мердігер өз міндеттерін сол күйі орындамаған.

«Сонда осыған жауапты құзырлы мекемелер қайда қарап отырған деген заңды сауал туындайды?! ХХІ ғасырда, Алматы қаласының дәл ортасындағы мектепте оқушылардың осындай адамтөзгісіз жағдайға түсірілгенін қалай түсінуге болады?!» дейді депутат премьер-министрге жолдаған сауалында.

Қазіргі уақытта осы білім ордасын Алматыдан Қонаев қаласына көшіру мәселесі көтеріліп жатыр екен.

Бірақ бұл шешімге осы білім ошағының түлектері, мұғалімдер мен оқушылардың ата-аналары алаңдап, көшіруге түбегейлі қарсы болып отыр. Ол өте орынды.

Өйткені бұл шалғай ауылдардан келген қарапайым еңбек адамдарының балаларын үлкен қалада, зиялы қауымның ортасында білім алып, заман талабына сай тұлға болып қалыптасуына жол ашатын мүмкіндіктен айыру болмақ.

Сондықтан бұл тарихы терең, өзіндік дәстүрі бар оқу ордасын жылы орнынан қозғамай, күрделі жөндеуден өткізіп, заманауи оқу құралдарымен жабдықтап, жетілдіре түсу керек.

«Бұл жерде халықты Алматының ортасында орналасқан мектептің жерін алып қоя ма деген күмән алаңдатып отыр. Себебі осыған дейін Алматы қаласындағы № 2 мектеп-интернаттың жері алынып, орнына зәулім тұрғын үйлер салынғанын бәріміз білеміз. Бұл оқу ордасы да соның күйін кешкелі отыр.

Сондықтан мемлекеттің миллиондарын желге ұшырып, қаншама баланы сарсаңға түсірген, мектепті қирандыға айналдырған компания басшыларын, басқа да жауапты мекемелерді жан-жақты тексеріп, тиісті жауапқа тартып, тез арада аталған мектепті толық күрделі жөндеуден өткізіп, жаңа оқу жылына пайдалануға беру керек» дейді депутат.

 

Фото: Ult.kz

 

 

Tags: Алматы қаласыИбрагим Нүсіпбаев атындағы №4 мектеп-интернат
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстанда 12 блогер 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялады

Қазақстанда 12 блогер 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Маңғыстау облысындағы жалғыз құс фабрикасы жабылудың алдында тұр

Маңғыстау облысындағы жалғыз құс фабрикасы жабылудың алдында тұр

2 года ago
Шымкент қолға тиетін айлығы ең төмен өңірлер қатарында тұр

Шымкент қолға тиетін айлығы ең төмен өңірлер қатарында тұр

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In