• RU
Среда, 14 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Топ

Онлайн алаяқтық – көбінесе банк қызметкерлерінің қатысуымен болады

Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкері мүгедектігі бар, зейнеттегі жиыны 90 адамның шотындағы ақшаны жымқырған, Талдықорған, Астана, Алматы қалаларында да банк қызметкерлерінің азаматтардың жеке мәліметіне қол жеткізуге көмектескені жөнінде фактілер анықталған.

by Jasyn
13/02/2025
in Топ
0
Онлайн алаяқтық – көбінесе банк қызметкерлерінің қатысуымен болады
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов еліміздің Бас прокуроры Б. Асыловқа жолдаған сауалында көптеген «онлайн алаяқтық» фактілері банк немесе жергілікті орган өкілдерінің қатысуымен болғаны дәлелденгенін айтады.

Республика көлемінде биылғы жылдың қаңтар, ақпан айларының өзінде ғана кибералаяқтықпен банк қызметкерлеріне қатысты ҚР Қылмыстық Кодексiнің 250 — бабы (Өкiлеттiктердi терiс пайдалану) бойынша – 15 іс, ал ҚР Қылмыстық Кодексiнің 254 — бабы (Мiндеттерiне адал қарамау) бойынша – 17 іс қозғалған.

«Бір түсініксізі бұл киберқылмыстан қорғауға, азаматтардың шоттарының қауіпсіздігін сақтауға міндетті банктерге ешқандай жауапкершілік жүктелмеген. Осы әділетті ме? Сәл қиналса мемлекеттен миллиардтап қаржыны қайтарымсыз алатын ойына келген пайыздың өлшемін тағайындап, өз қателіктеріне жауап беруден жалтаратын қайрымсыз банктер қашанға дейін тайрандамақ? Нақақтан нақақ қарызға батқан халықты қорғайтын уақыт келді ғой. Ата заңымыз бойынша мемлекеттің басты байлығы Банк емес, «Халық» екенін есіңізге салайын» дейді депутат Р. Зайытов.

Мәжіліс депутаты екінші деңгейлік банктер кибералаяқтардың қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардың банктік шоттарын бұғаттан шығаруды және де бұл санаттағы адамдардың шоттарын бұғаттауға тиым салу шараларын қарастыруды, шоттарындағы қаржының сақталуына жауапты банктер болғандықтан, кибералаяқтықтан келген зардап пен барлық шығындарды Банктер өз тарапынан өтеу міндетін жүктеуді ұсынады.

Фото: Massaget

Tags: «онлайн алаяқтық»екінші деңгейлік банктер жауапты болуы тиіскибералаяқтық
Jasyn

Jasyn

Next Post
Білім беру кредиттерінің шарттарын қайта қарау керек

Білім беру кредиттерінің шарттарын қайта қарау керек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Әрбір қазақстандыққа әлеуметтік төлем берілетіні рас па: Еңбек министрлігі жауап берді

Әрбір қазақстандыққа әлеуметтік төлем берілетіні рас па: Еңбек министрлігі жауап берді

4 года ago
«ӨКМ Операторы» бұрынғы басшысы 20 млрд теңге жымқырған

«ӨКМ Операторы» бұрынғы басшысы 20 млрд теңге жымқырған

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In