• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Өнерлі жастар – өркениеттің айнасы

by Jasyn
22/10/2024
in • Жастар саясаты
0
Өнерлі жастар – өркениеттің айнасы
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы – білімді де талантты, өнерлі жастардың қолында. Бүгінгі білімді, өнерлі жастар ертеңгі күні Отанымызға қызмет ететін адал қызметкер болып қалыптасары анық. Жастардың бойындағы табиғи таланты мен дарынын танып, қолдау көрсете білгенде ғана олардың арасынан жалынды да жасампаз тұлғалар іріктеліп шығатыны белгілі. 

Міне, Түлкібас аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, сахна мәдениетін қалыптастыру, жастардың жан-жақты шығармашылық қабілеттерін дамыту, бос уақытын тиімді өткізу мақсатында Түлкібас ауданы әкімінің кубогіне арналған «JAIDARMAN» сайысы өтті.

Қызықты да тартысты өткен сайыс көрермендерге әдемі әсер, қайталанбас эмоциялар мен керемет көңіл-күй сыйлады. Бүгінде жайдарман ойыны талантты жастардың басын бір арнаға тоғыстырған жастардың шығармашылық алаңы ғана емес, қоғамдағы түйткілді мәселелерді қағытпа қалжың мен астарлы әзіл аққылы жеткізе білетін өнер.

Жастар үшін мол мүмкіндіктер алаңына айналған «JAIDARMAN» сайысына «Нысана» театрының актрисасы Бекахметова Айсұлу, жайдарман жанашыры Нұркен Нұржанұлы, Руханият орталыңының басшысы Елеуов Қанат, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» КММ-нің басшысы Серік Данияр Батырханұлы және жастар ресурстық орталығының нұсқаушы маманы Саттарқызы Аружан қазылық етті. 

Қазылар алқасының шешімімен 

І орынды «Ақбиік жігіттері» командасы,

ІI орынды «Қыздарский элита» командасы,

III орынды «Абай арулары» командасы иеленді.

«JAIDARMAN» сайысында жоғары деңгейде өнер көрсеткен барлық командаларға арнайы алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Ал, Келес ауданының Бірлесу ауылдық округінде орналасқан №33 “Жуантөбе” жалпы білім беретін мектебінің 2019 жылғы түлегі Саттар Жансая Нұрланқызы қазіргі таңда Италияның Парма қаласында магистратурада грант негізінде білім алуда. 

Дарынды шәкірт жақында Harvard университетіне «Қазіргі әлемді басқаратын бірегей идеяларды жасаудың негізгі құндылығын көрсететін «Жаңа көкжиектерді құру: бүгін мен болашақты карталау» болашақ көшбасшы, спикер ретінде қатысып, халықаралық деңгейде сертификат алды. 

– Мектеп ұстаздары осындай дарынды түлектерін қашан да мақтан тұтады. Жансаяның тілдерді меңгеруіне ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Букенбаева Шолпан Ешманқызының еңбегі зор болды. Білім ордамызда оқушылардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалған, — дейді мектеп директоры Жазира Тиленова.

Айта кетейік, келестік түлек Harvard университетінен бөлек, Сambridge (Кембридж) университетіне көшбасшылықты басқару тақырыбында 5 күндік семинарға қатысып, жақсы көрсетікш көрсеткені үшін сертификатталған болатын. Бүгінде №33 «Жуантөбе» жалпы білім беретін мектебінде қазіргі таңда 900-ден аса оқушы білім алады.

Жақында Астана қаласында өткен Халық қаһарманы Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық конкурсы өз мәресіне жетті. Жалпы жарысқа 50-ден астам өтінім түсіп, олардың ішінде 16 қатысушы өнер көрсеткен. Екі кезеңнен тұратын ән байқауында қатысушылар классикалық және заманауи туындыларды орындап, шеберліктерін ортаға салды. Нәтижесінде Түркістан облысынан қатысқан «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің талантты солисі Жомарт Асыл бас жүлдені жеңіп алды.

Байқау Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі, Халық ҚаҺарманы, аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың шығармашылығын кеңінен насихаттауға, ұлттық және әлемдік мәдениеттің үздік дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғыртуға бағытталған. Конкурстың қазылар алқасы қатарында Қазақстан және Қырғыз Республикасының Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, Қырғыз Республикасының Халық әртісі Роза Аманова, Өзбекстанның Халық әртісі Мансур Ташматов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері Нұрлан Абдуллин, Жанна Орынбасарова, Жаннат Бактай және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Әлібек Әлмадиев сынды атаулы өнер майталмандары бар. Қазылар алқасы орындаушылардың ерекше дауысын және орындаушылық шеберлігін жоғары бағалаған.

Тағы бір айтары, соңғы кездері Түркістанның өз қолтаңбасына айналған мәдени іс-шаралар қатары артып келеді. Соның бірі республикалық «Түркістан дауысы-2024» жас орындаушылар байқауы. Биыл төртінші рет ұйымдастырылып отырған ән додасы облыс орталығында бастау алды. 

Ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пен облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов сөз сөйлеп, іс-шараның маңызы мен мақсатына тоқталды. Қатысушыларға сәттілік тілей отырып, жақында өткен «Түркістаным – тұраным» композиторлар байқауының жеңімпаздарын марапаттады. 

Жеңімпаздар арасынан Сауран аудандық мәдениет үйінің қызметкері, композитор Шерхан Әлібеков оза шауып, өнерімен көрерменді тәнті етті. Аталмыш шарада Бекмұрат Анарбаевтың сөзіне жазылған Шерхан Әлібековтің «Тұғырлы Түркістан» әні жүлделі ІІ орынға ие болды. 

Байқауға Маржан Арапбаева, Бағлан Омаров, Қайрат Баекенов, Мархаба Саби, Қайрат Мырзахан және Bytanat, Мейіржан Алиакбаров әділ қазылық жасайды. Жүлделі орындарды анықтау барысында қазылар алқасы үміткерлердің орындаушылық шеберлігіне, дауыс диапазонына, әннің байқау шартына сәйкестігіне, музыкалық өңдеуіне, ән мәтіні мен әуенінің мазмұндылығына, орындаушылардың сахна мәдениеті мен киім үлгілеріне, музыкалық сүйемелдеудің жазылу сапасына баса назар аударатын болады.

Ал, Ақтөбе облысында «Еркелей аққан ор өзені» дәстүрлі XVI республикалық ән байқауында Түркістан облысының намысын қорғаған Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайы директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары, әнші Айдос Әлқуат ән орындау шеберлігімен талайды тамсандырып, жүлделі III орынды иеленді.

Ақтөбе қаласының 155 жылдығына орай ұйымдастырылған байқау ІІ кезең бойынша өткізілді. Талантты жерлесіміз I кезеңде Жайықтың ақ шағаласы атанған ақын Ақұштап Бақтыгерееваның сөзіне жазылған ақтөбелік танымал композитор Бейбіт Оралұлының «Алғашқы көктем» әнін, ақтық кезеңде Ақтөбе облысынан шыққан ақын Сағи Жиенбаевтың сөзіне жазылған әйгілі композитор Ескендір Хасанғалиевтың «Айналдым елім» әнін аса шеберлікпен орындап шықты. 

Қатысушылардың өнерін Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, әйгілі Димаш Құдайбергеновтың ұстазы Марат Әйтімов, Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Болысбек Қайрат және «Дарын» жастар сыйлығының иегері, вокал шебері Нұртас Омаров сынды кәсіби мамандар бағалады. Олар байқауға қатысушы үміткерлердің әнді орындау шеберлігіне, орындаушылардың сахна мәдениеті мен киім үлгісіне, табиғатына сай ән таңдауына, дауыс диапазонына, әртістік қабілетіне баса назар аударды.

Айта кетейік, аталмыш сайыстың мақсаты өңірден шыққан композиторлардың әндерін кеңінен насихаттау мен талантты әнші, орындаушыларды анықтауға, дарынды жастардың шеберлігін шыңдауға және оларға қолдау көрсетуге бағытталған.

Фото: TengriNews

Tags: jaidarman
Jasyn

Jasyn

Next Post
Түркістанда халықаралық «Voice of Turan — 2024» қазақ әндері фестивалінің жеребесі тасталды

Түркістанда халықаралық «Voice of Turan - 2024» қазақ әндері фестивалінің жеребесі тасталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Ауыл әкімдері кабинетте отырмауы қажет»

«Ауыл әкімдері кабинетте отырмауы қажет»

11 месяцев ago
Серік Шәпкенов зейнетке шығу жасын төмендету мәселесіне қатысты пікір білдірді

Серік Шәпкенов зейнетке шығу жасын төмендету мәселесіне қатысты пікір білдірді

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In