Ел Президенті Қ.Тоқаев былтырғы жылдың желтоқсан айында бизнес өкілдеріне арналған «Алтын сапа» сыйлығын табыстау рәсімінде кәсіпкерлерге түсетін салық жүктемесін азайту туралы айтқан болатын. «Бизнес пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды жүйелі түрде қалпына келтіруге әзірленіп жатқан жаңа Салық кодексі ықпал етеді. Салық төлемдерінің саны кемінде 20 пайызға оңтайландырылатын болады», — деді Мемлекет басшысы.Еліміздің барлық өңірлерінде мұндай шешімнің қабылдануы 1,7 миллионнан астам жеке кәсіпкер, 440 мыңнан астам шағын бизнес, 2800 орта бизнес өкілдері мен 50 мыңнан астам сауда орындары үшін қолайлы салықтық жағдай туғызады, деп есептейді партия мүшелері.Бөлшек салығын азайту және оның ел экономикасына тигізетін тиімді салдары туралы мәселені Respublica партиясының тең төрағалары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Руслан Берденов пен Учет.КЗ порталының негізін қалаушы Максим Барышев бірнеше рет көтерген болатын. Жүргізілген ауқымды түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде он өңірде жергілікті мәслихаттар шағын және орта бизнес субъектілері үшін бөлшек салығы бойынша арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлемені 4-тен 2%-ға дейін төмендетті (Астана қаласында салық мөлшерлемесі 3%-ды құрайды). Бұл көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге, бюджетке жаңа түсімдерді қамтамасыз етуге және кәсіпкерлердің санын арттыруға мүмкіндік береді.