Басқосуға партия облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов, облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары мен денсаулық сақтау мекемелерінің, бірқатар басқармалардың өкілдері қатысты.
Филиал төрағасы «AMANAT» партиясы үшін де мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді орта құруды басты әлеуметтік басымдықтарының бірі санайтынын жеткізіп, бұл бағытта партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында нақты шараларды іске асырылып келе жатқанын жеткізді.
Жиында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған ұсыныстар ортаға салынды. Мәселен, І және ІІ топтағы азаматтардың ипотека арқылы тұрғын үй алуына мүмкіндік беру, аялдамалардың олардың жүріп-тұруына ыңғайластыру. Өкініштісі, шаһардағы қоғамдық көліктердің басым көпшілігінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалса, бірде-бір аялдама ыңғайластырылмаған. Әрі автобус жүргізушілері де оларға қызмет көрсете алмайды.
Сонымен қатар, темір жол вокзалында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арбаның вагонға көтерілуіне мүлде жағдай жасалмаған. Сол секілді, арнайы бөлме қарастырылмаған екен. Бұдан өзге, облыс орталығындағы бағдаршамдар мен аялдамаларда көзі көрмейтін азаматтар үшін дыбыстық хабарлама тарататын құрылға орнату мәселесі де көтерілді. Бастысы, денсаулық сақтау нысандарында олардың қолайсыз ем қабылдауы үшін техникалық жарақтандырылуы да көңілден шықпайды.
Бұл мәселелер бойынша партия алдағы уақытта құзырлы органдарға ұсыныстарын жеткізіп, орындалуын назарда ұстайтын болады.
Қалай айтсақ та қоғамдағы әрбір азаматтың құқықтары мен мүмкіндіктерінің тең екендігін айқындап, ерекше қажеттілігі бар жандарға жан-жақты қолдау көрсетудің маңыздылығы зор.
Фото: Jambylinfo