• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home ковид

«Омикрон» штамы әлемде кең таралып жатыр: Еуропада карантин күшейтіледі

by Jasyn
06/03/2024
in ковид
0
«Омикрон» штамы әлемде кең таралып жатыр: Еуропада карантин күшейтіледі
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 267 миллионнан асты. Шығыс Еуропа елдерінде ауруға шалдыққандар күрт өскендіктен, шектеу шаралары қатаңдатылуда, деп хабарлайды  “Астана” арнасы.

Финляндияда премьер-министр Санну Марин карантин талаптарын сақтамай,  достарымен түнгі клубқа барғаны үшін кешірім сұрады. Дегенмен таңертең ғана саясаткер елдің ауру жұқтырып алған сыртқы істер министрімен байланыста болған. Енді Финляндия «Омикрон» штамы табылған елдердің қатарына қосылды.

“Мен өз іс-қимылымды қадағалап, клубқа бармай, адамдардан аулақ болуым керек еді. Мен, әрине, өз қылығым мен әрекетім үшін кешірім сұраймын. Өзімді жақсы жағымнан көрсетпедім”, – дейді Финляндия премьер-министрі Санна Марин.

Ұлыбритания премьер-министр де кешірім сұрауға мәжбүр болды. Борис Джонсон өткен жылы қарантин қарсаңында өткен кешке қатысты біраз сынға ұшырады. Бұқаралық ақпарат құралдарында премьер-министрдің қызметкері ол туралы сұрақтарға күліп жауап берген видео тараған болатын. Енді «Oмикрон» штамынның таралуын тоқтату үшін В жоспары қабылданады деп күтілуде. Үкімет қашықтан жұмыс істеуді қамтитын жаңа шектеулер енгізеді. Әзірге күшейтілген карантин туралы сөз қозғалған жоқ.

«Омикрон» штаммы алдыңғы дельтаға қарағанда әлдеқайда жылдам таралатыны анық бола бастады. Әзірге біз омикрон қауіпті емес деп айта алмаймыз. Бұл ауруханаға жатқызулар санының айтарлықтай өсуіне және ,өкінішке орай, өлімге әкелуі мүмкін”, – деп мәлімдеді Ұлыбритания премьмер-министрі Борис Джонсон.

Украинада COVID-19 шалдыққан науқастардың жалпы саны 3 миллионнан асты. Билік шектеуді күшейтудің орнына, алдап-сулап әрекет етуді жөн көрді. Әрбір екпе алған адамға 37 доллар төлемекші. Олар осылайша иммундау көрсеткішін 70%-ға жеткіземіз деп үміттеніп отыр. Ал Чехияда омикрон штамының екі жағдайы анықталды. Күніне 27 мың адам короновирус жұқтырғанын ескерсек, ауруханаларда медициналық кадрлардың жетіспеуі мәселені қиындатып отыр.

“Кеше біз омикрон штамының екінші жағдайын растадық. Науқастарда ауру жеңіл өтуде. Чехиядағы барлық ауруханаларда сол бір мәселе — науқастарды емдейтін қызметкерлер жоқ”, – дейді аурухана өкілі Вацлав Рикар.

Дүние жүзінде ресми тіркелген жағдайлардың саны 267 миллионнан асты. Өлім көрсеткішіне келетін болсақ, пандемия басталғаннан бері 5 миллионнан астам адам қайтыс болды. Economist журналы есептегенімен, өлім-жітімнің шынайы саны шамамен 17 миллионға жеткен.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Түркістан облысында жанармай тапшылығы туындады

Түркістан облысында жанармай тапшылығы туындады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбылдық полицейлер мас жүргізушіні тоқтатып, жауапкершілікке тартты

Жамбылдық полицейлер мас жүргізушіні тоқтатып, жауапкершілікке тартты

2 года ago
«Егер мен Дәулеттен пара алсам…» Бердібек Сапарбаев жемқорларға қатысты пікір білдірді

«Егер мен Дәулеттен пара алсам…» Бердібек Сапарбаев жемқорларға қатысты пікір білдірді

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In