• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке 5 бөлмелі пентхаус және (Lexus 600) автокөлігінің кілті табысталды

ХХХlll жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметовке құрмет көрсетіліп, Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен «Тараз» орталық стадионында гала-концерт ұйымдастырылды.

by Jasyn
07/08/2024
in Қоғам, Спорт
0
Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке 5 бөлмелі пентхаус және (Lexus 600) автокөлігінің кілті табысталды
0
SHARES
25
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Спорт шеберіне құрмет көрсету үшін 15 мыңға жуық жамбылдық жиналды.

Алдымен Елдос Сметов спорттағы жолы туралы бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды.

Салтанатты шарада Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев құттықтау сөз сөйлеп, Франция төрінде Олимп шыңын бағындырған Елдос Сметов пен оның жеке жаттықтырушысына құрмет көрсетті.

 

— Ел баласы – Елдос Сметов Тәуелсіз Қазақстанның тарихында дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанып отыр. Данқты спортшы Жақсылық Үшкемпіров ағамыздан кейін бірде-бір қазақ баласы бұл биікті бағындырған емес. Араға 44 жыл салып Елдос Сметов қазақтың көптен күткен арман-мақсатына қол жеткізді.

Қазақ елін әлем алдында паш еткен небір сайыпқырандар, саңлақ спортшылардың дені – Әулиеата топырағынан түлеп ұшқан.

Олимпиада чемпиондары – Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ибраимов, Бахтияр Артаев, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Серік Қонақбаев, Ислам Байрамуков, Болат Жұмәділов, Болат Ниязымбетов, Ақжүрек Таңатаровтар алты алаштың абыройын аспандатқан ел мақтаныштары!

Әулиеата өңірі – чемпиондар өлкесі, мықтыбапкерлер ордасы.

Қасиетті Жамбыл жері – ер Елдостың жеңісінен кейін жауырыны жер иіскемеген палуандардың басты ордасы десек қателеспейміз. Елдостың ерлігі мен жеңісі барша қазақстандыққа ортақ қуаныш. Қазақспортының даңқы арта берсін! – деді облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеев төрткүл дүние көз тіккен төртжылдықтың басты додасында топ жарған Елдос Сметовке облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен демеушілердің тарапынан Тараз қаласынан 5 бөлмелі пәтер (пентхаус) және соңғы үлгідегі (Lexus 600) автокөліктің кілтін табыстады. Спорт саңлағының жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевке 2 бөлмелі пәтер мен автокөліктің (Hyundai Santa Fe) кілті берілді.

— Олимпиада ойындарында елімнің көк байрағын көкке көтеріп, әнұранымызды шырқату менің бала кезден бергі арманым болатын. Сол мақсатқа жету жолында аянбай тер төктім. Жақсылық Үшкемпіров атамыздың тілегін орындағаныма өте қуаныштымын. Барша жанкүйерлеріме ерекше алғыс айтқым келеді. Қолдауларыңызды сезіндім. Жерлестеріме көп рақмет! – деді ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Елдос Сметов.

Салтанатты шарада Олимпиада чемпионының жеке жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиев те сөз алып, ортақ мақсат пен төккен тердің ақталғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, Елдос Сметов Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырынан көрініп, ел қоржынына алғашқы алтынды салды. Татами шебері 2016 жылы Рио Олимпиадасында күміс, 2020 жылы Токиода өткен төртжылдықтың басты додасында қола медальді еншіледі.

Гала-концерт соңы елімізге танымал эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасы мен отшашуға ұласты.

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

 

Tags: Елдос Сметов чемпионжаттықтырушысы Ғалымжан ЖылгелдиевТәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Есірткі тасымалдаушылар қылмысты жасыру үшін көліктерін өртеп жібермек болған

Есірткі тасымалдаушылар қылмысты жасыру үшін көліктерін өртеп жібермек болған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

В Жамбылской области увеличилось количество медведей и снежных  барсов

В Жамбылской области увеличилось количество медведей и снежных барсов

3 года ago
Анасын пышақтап өлтірген сотталушы жазаны жеңілдетуді сұрады

Анасын пышақтап өлтірген сотталушы жазаны жеңілдетуді сұрады

4 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In