• RU
Среда, 20 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану

Облыстық бюджеттен техника алуға 257,1 млн теңге бөлінді

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, техника кілттерін тапсырылды.

by Jasyn
05/08/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану
0
Облыстық бюджеттен техника алуға 257,1 млн теңге бөлінді
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Нақтырақ айтсақ, экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында арнайы техникалар пайдалануға берілді. Жаңа техника кілттерін ауданға іссапармен барған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров табыстады.

– Өздеріңізге мәлім, бір жыл бұрын бәріміз «Таза Қазақстан» бағдарламасын бастағанбыз. Осы жалпыұлттық бағдарламаға алғашқы күннен бастап белсене қатысып келе жатқан әрбір азаматқа шын жүректен алғысымды білдіремін. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені «Таза Қазақстан», бұл – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз» деген болатын. Осы тазалық жұмыстарын жүргізу барысында тұрғындардың өмір сапасы мен ауыл тазалығын жақсарту мақсатында ауданға облыстық бюджеттен қаржы бөліп, техника кілттерін тапсырғалы отырмыз. Бұл жаңа техникалар коммуналдық қызметтерді жаңартып қана қоймай, ауданның таза әрі көрікті болуына да мүмкіндік береді. Ел мүддесі жолындағы еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! – деді Нұралхан Көшеров.

Бұл бастама – ел Президентінің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасын жергілікті деңгейде нақты іске асырудың көрінісі.

Облыстық бюджеттен 257,1 млн теңге бөлініп, көше жуу мен тазалағыш құралы орнатылған 1 КамАз автокөлігі, 11 шағын көлемді, үнемді, әмбебап lovol-604 тракторы және 11 тіркемесі тапсырылды. Бұл техникалар шағын көлемді алаңдарда, жылыжайларда, мал фермаларындағы және коммуналдық жұмыстарға өте қолайлы.

Айта кетейік, соңғы екі жылда Түркістан облысы бойынша «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында коммуналдық салаға жүздеген техника сатып алынған. Соның ішінде Сарыағаш ауданының үлесі артып келеді. Жаңа техника аудан орталығымен қоса, ауылдық округтердің де санитарлық тазалығын сақтауға қолданылады.

Ал, Түркістан облысы Созақ ауданы әкімдігінің аппарат мәжілісінде 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және аудандық бюджет қаржысын тиімді пайдалану мәселесі талқыланды. Ол бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ербол Айдарбеков баяндама жасады.

Жиын барысында аудан басшысы әрбір салаға жеке-жеке тоқталып, жұмыс барысында кемшілікке жол берген бірқатар басшылардың жұмысын сынға алды. Әсіресе бірқатар ауылдық округ әкімдерінің жұмысындағы олқылықтарға қатаң ескерту жасалды.

«Әрбір жобаға мұқият қарап, іске асқан жобаның сапасына ерекше көңіл бөлуді талап етемін. Сапасыз әрі нәтижесіз жұмыстарға жол берілмейді», – деді аудан басшысы.

Аппараттық мәжіліс қорытындысында аудан басшысы алдағы уақытта көрсеткіштерді арттыру, бюджет қаражатын тиімді пайдалану және сапалы жобаларды жүзеге асыру бағытында нақты тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылдық округінде бюджет қаржысына балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне және спортпен айналысуына мүмкіндік беретін үш жаңа нысан ашылды. Бабата елді мекенінде кіші футбол алаңы мен балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілсе, Жартытөбе ауылында да кіші футбол алаңы ел игілігіне ұсынылды.

Ашылу рәсіміне арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жергілікті тұрғындарды жаңа нысандардың ашылуымен құттықтап, ауыл жастары үшін жасалып жатқан игі істердің маңыздылығын атап өтті.

Ауыл ақсақалдары мен тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Жаңа нысандардың ауыл өмірін жандандырып, балалар мен жастардың уақытын пайдалы өткізуіне мүмкіндік беретінін атап өтті.

Осы ретте, округке қарасты Аққолтық елді мекеніндегі кіші футбол алаңының құрылысы да аяқталуға жақын. Жуық арада пайдалануға берілмек.

Фото: Түркістан Өңірлік Коммуникация Қызметі

Tags: «Таза Қазақстан» бағдарламасыЖаңа техникаоблыстық бюджетТүркістан облысының Сарыағаш ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Мұнда жаңа жобалар жүзеге асып, тіршілік қайнап жатуы керек»

«Мұнда жаңа жобалар жүзеге асып, тіршілік қайнап жатуы керек»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Айдана Меденова: Instagram мен TikTok-тан айына 5 миллион теңгеден аса табыс табамын

Айдана Меденова: Instagram мен TikTok-тан айына 5 миллион теңгеден аса табыс табамын

4 года ago
Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы дүкеннен ұрланған қарулар табылды

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы дүкеннен ұрланған қарулар табылды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In