Қазіргі таңда нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, мәдениет үйі ауыл тұрғындары үшін шығармашылықпен айналысуға, мәдени іс-шаралар өткізуге үлкен мүмкіндік беретін заманауи орталыққа айналмақ.
Жөндеу барысында ғимараттың шатыры, қабырғалары, едені толық жаңартылып, инженерлік жүйелері ауыстырылуда. Сонымен қатар, ішкі әрлеу жұмыстары заманауи стандарттарға сай жүргізілуде. Нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Аудан әкімінің орынбасары Б. Анарбеков мердігер ұйым өкілдеріне жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, мәдениет үйінің ішкі жабдықталуы мен қолайлылығына ерекше мән беру керектігін атап өтті.
Айта кетейік, бұл жоба – Мемлекет басшысының ауыл инфрақұрылымын дамыту туралы тапсырмаларын орындаудың нақты нәтижесі. Мәдениет ошақтарының жаңғыртылуы ауыл жастарының шығармашылық әлеуетін дамытуға, тұрғындардың мәдени өмірін жақсартуға, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға мол мүмкіндік береді.
Сонедай-ақ, Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында мемлекеттік сатып алу саласындағы өзекті мәселелер және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шалқар Әбеновтың есебі тыңдалды.
Мемлекеттік сатып алудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету – аудан әкімдігінің басты назарындағы бағыттардың бірі. Бұл саладағы бұзушылықтар көбінесе жемқорлық тәуекелдеріне себеп болатыны айтылды.
Мұнан соң автомобиль жолдарының бүгінгі жай-күйі және салыну сапасына байланысты жұмыстар туралы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғабит Полатов баяндама жасап, қазіргі жағдай мен проблемалық нүктелер туралы нақты мәліметтер ұсынды.
Аудан аумағындағы автожолдардың жағдайы мен олардың сапалы әрі уақытылы салынуы – тұрғындар үшін аса маңызды мәселе. Бұл салада мердігер ұйымдардың жұмысына бақылау, құрылыс стандарттарының сақталуын қадағалау, сапасыз жұмыстар үшін жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселеде әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды жою бойынша ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрғали Елшібаев баяндады. Ол бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде, тиімді шешімдерге қатысты нақты ұсыныстарын ортаға салды. Әлеуметтік көмектерді үлестіру, жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру барысында туындауы мүмкін жемқорлық тәуекелдері бойынша жұмыстар жүріп жатқанын жеткізді.
Комиссия отырысының қорытындысында аудан басшысы күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді. Әсіресе, әр сала бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жүйелі түрде талдап, оларды болдырмауға бағытталған кешенді шараларды қабылдау қажеттігін баса айтты. Сонымен қатар, барлық бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне өз бағыттары бойынша жемқорлықтың алдын алу бойынша ішкі бақылау жүйесін күшейтуді, халықпен ашық әрі тиімді байланыс орнатуды тапсырды.
Тағы бір айтары, Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Фирдоуси елді мекенінде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бағытында ірі әлеуметтік жоба іске асырылып жатыр.
Жоба аясында 1 қабатты, әрқайсысы 2 пәтерлі 48 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме — “Building Group-1” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде.
Аталған мақсатта мемлекет тарапынан 1,5 миллиард теңге көлемінде қаржы қаралған. Жеке кәсіпкердің есебінен салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы аяқталған соң көрсетілген қаржыға барлық үйлер сатып алынатын болады.
«Бұл жоба – ауданымыздағы әлеуметтік әлжуаз топтарға қолдау көрсетудің нақты көрінісі. Елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру – біздің басты міндетіміз. Құрылыс жұмыстары сапалы әрі уақытылы аяқталуы тиіс», — деді аудан әкімі Бақыт Насырханұлы.
Фото: Мақтаарал Ауданы Әкімдігі