• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Облыста қатерлі ісікпен ауыратындар саны азайды

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Облыста қатерлі ісікпен ауыратындар саны азайды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Былтыр Жамбыл облысында 7652 ауру қатерлі ісікпен есепте тұрған. Ал, алдыңғы жылында 7360 науқас тіркелген. Яғни, есепке тұрғызылғандар санының өскені байқалады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігерінің м.а. Қайрат Жетібаев айтты.
Спикердің айтуынша, былтыр қатерлі ісік алғаш рет анықталған аурулар саны 1414 құраған. Бұл 2019 жылымен салыстырғанда 136 адамға кемігенін көрсетеді. Яғни, аурушаңдық көрсеткіші 124,2 құрап, азда болса төмендеген.
«Өлім көрсеткішіне келсек, облыс бойынша 2020 жылы 768 ауру қайтыс болып, өлім көрсеткіші 100,0 мың адамға шаққанда 67,4 құрады, 2019 жылы 743 адам қайтыс болып өлім көрсеткіші 66,0 құрады. Өлім көрсекішінің аздап көтерілгені байқалады, оның себебі есепте тұрған аурулардың көбейуіне байланысты деп есептейміз. Мәселен, былтыр есепте тұрғандар саны 7652, ал 2019 жылы 7360 жетті. Өткен жылы өңірімізде қатерлі ісікпен алғашқы рет ауырған 1414 адамның 58,2% сырқаттың I және II сатысында екені анықталды. Бұл – осынша науқастың қажетті емді уақтылы алса, жазылып кету мүмкіндігі жоғары деген сөз. Өлім-жітім көрсеткішін төмендету үшін ауруды алдын алу және ауруды ерте сатыда анықтау қажет», — деді Қайрат Жетібаев.
Облыста 2020 жылы обыр ауруының үлес салмағы бойынша сүт безі қатерлі ісігі бірінші орынға шыққан. Нақтырақ айтсақ, 12,2% құрап отыр. Екінші орында 10,0% өкпенің қатерлі ісігі, асқазан қатерлі ісігі 8,5%, тері қатерлі ісігі — 7,9%, жатыр мойны қатерлі ісігі 5,2%, тоқ ішек, тік ішек қатерлі ісігі — 4,7% және тағы басқалар.
​Тоқ және тік ішек қатерлі ісігі елімізде төртінші орында, ал Жамбыл облысы бойынша алтыншы орында тұр. Қатерлі ісікті анықтаудың бір жолы – скринингтік тексеруден өткізу. 50-70 жас аралығы және осы жастағы ерлер мен әйелдер әр екі жыл сайын жергілікті емханада үлкен дәретте қанның бар болуы туралы анализ тапсыруы қажет. Мамандардың мәліметінше, шамамен 15-20% тұрғындар әлеуметтік медициналық сақтандырудан өтпеген. Бұл емделу кезінде емханалар қызметі ақылы болып, келушіге кері әсерін тигізеді.
Айта кетейік, былтыр еліміз бойынша 190 159 онкологиялық аурумен есепте тұрады, оның ішінде Республика бойынша 33 537 ауру алғашқы рет ауырғандар саналады.
Нұрдәулет АСАН
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбылда тендер жұмыстарынан 676 млн. теңге бюджет қаражаты үнемделді

Жамбылда тендер жұмыстарынан 676 млн. теңге бюджет қаражаты үнемделді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Алма бауының әр гектарынан шамамен 25-30 тонна өнім алады

Алма бауының әр гектарынан шамамен 25-30 тонна өнім алады

4 года ago
Жамбылдық тұрғын есірткі жинау үшін фазендада малшы болып жұмыс жасаған

Жамбылдық тұрғын есірткі жинау үшін фазендада малшы болып жұмыс жасаған

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In