• RU
Понедельник, 18 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Спорт

Облыс әкімі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайға көлік мінгізді

XXXIII жазғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, Жамбыл облысының тумасы Нұрбек Оралбай туған жеріне табан тіреді. Былғары қолғап шеберін жерлестері құрметпен қарсы алды.

by Jasyn
23/08/2024
in Спорт, Топ
0
Облыс әкімі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайға көлік мінгізді
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Салтанатты шарада Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев құттықтау сөз сөйлеп, спортшының айтулы жеңісі үшін жамбылдықтардың атынан алғыс білдірді.

— Нұрбек ел сенімін ақтап, барша қазақстандықтардың, жанкүйерлерінің мерейін асырды. Әсіресе, кіндік қаны тамған –Жамбыл облысы жұртшылығының абыройын тағы да бір асқақтата білді.
Әулиеата топырағы – ұлт генофонының қуатын айқындаған айрықша өлке. Қазақ елін әлем алдында паш еткен сайыпқырандардың дені Жамбыл облысының топырағынан түлеп шыққан. Жамбыл – чемпиондар өлкесі, мықты бапкерлердің ұстаханасы десек, артық айтпаймын! – деп атап өткен аймақ басшысы спорт саңлағының ата-анасы мен бапкеріне ризашылығын жеткізді.

Ербол Қарашөкеев Олимпиада ойындарының күміс жүлдегеріне демеушілердің есебінен Hyundai Sonata автокөлігінің кілтін табыстады.

Өз кезегінде Нұрбек Оралбай жерлестерінің көрсеткен зор құрметі мен қошеметіне алғыс білдірді.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай 2000 жылдың 11 маусымында Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында дүниеге келген.
Салтанатты шара соңы облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Tags: Жамбыл – чемпиондар өлкесіЖамбыл облысыЖамбыл облысының әкімі Ербол ҚарашөкеевНұрбек ОралбайПариж Олимпиадасының күміс жүлдегері
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің

Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қаржыны қажетке жарату да үлкен шаруа

Қаржыны қажетке жарату да үлкен шаруа

1 месяц ago
Жамбыл облысы «жасылдан» «сары» аймаққа өтті

Жамбыл облысы «жасылдан» «сары» аймаққа өтті

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In