• RU
Четверг, 3 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Мәдениет

«О дүниеде бәрі өзгеше»: МакSим комада жатқан сәті туралы айтып берді

by Jasyn
06/03/2024
in Мәдениет
0
«О дүниеде бәрі өзгеше»: МакSим комада жатқан сәті туралы айтып берді
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

МакSим лақап атымен танымал ресейлік әнші коронавирустан ұзақ уақыт комада жатып, тіпті жүрегі екі рет тоқтап қалған еді. Әнші өмір мен өлім арасында жатқанда не сезгенін және қазіргі жағдайы қандай екенін «Осторожно: Собчак» жобасына берген сұхбатында айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«ЭКМО» аппаратында (экстракорпоральді мембранды оксигенация) бір айдан астам уақыт жатып, жүрегі екі рет тоқтаған әншінің аяқтан тұруы екіталай болатын. Өкпесі 95 пайызға зақымданған МакSимнің дертті жеңе алуын дәрігерлер сирек жағдай деп отыр.

Әншінің айтуынша, ол 40 градусқа дейін ыстығы көтеріле бергесін бірнеше рет коронавирусқа тексерілген. Алайда тест коронавирус жоқтығын көрсеткесін, өзіне жай суық тиген деген оймен концерттерін тоқтатпаған екен. Концерттен кейін жағдайы күрт нашарлаған әнші дереу жеке жедел жәрдем шақыртқан.

«Өкпені жасанды желдету аппаратына қосатындарын ескертті. Дәрігерлер мені комаға жіберген соң ағзам оянғысы келмеген. Ақыры «ЭКМО» аппаратына қосу үшін өзге клиникаға жатқызуды ұйғарған. Шешімді анам қабылдаған. Оған оңай болмады. Дәрігерлер клиникаға жетпей өмірден өтіп кетуім мүмкін екенін айтқан. Бірақ мен шыдай алдым. Желдету аппаратының түтікшесі санымнан жүрекке қарай жалғанып, мойын тұсымнан шығып тұрған еді. Кейін «ЭКМО» түтікшесін өзге тұстан жалғады. Бүгінде емнен кейін барлығы тоғыз жерден тыртық қалған», — дейді ол.

Әрі күні өмір мен өлім арасындағы күреске айналған әнші комада жатқанда қандай түстер көргенін де баяндады.

«Комада жатқанымда өзге кеңістікке түскендей күйде болдым. О дүниедегі өмір біздің қазіргі өмірімізден әлдеқайда шынайы екенін түсіндім. Бұл түске ұқсайды дей алмаймын. Әркім өзіне тән нәрсе көреді. Ал мен өзімді қалықтап жүргендей сезіндім. Күн батып жатқандай болды әрі ерекше жылылықты сезіп, жақсы күйде болғаным соншалық, оянғым келмеді…

Маған о дүниеге әлі есік жабық екенін айтқан дауысты естіп, белгісіз бір кабинамен төмен түсе бастадым. Қыс мезгілін көрдім. Әлдебіреу үстіме суық су құйып жатты. Біресе көтеріліп, біресе түсумен болдым. Ешбір түсіңіз дәл осылай есіңізде қала қоймайды», — дейді МакSим.

Әнші комадан алғаш шыққанда қимылдай алмай, ауырсынулардан қатты қиналғанын жасырмады. Дертті еңсерген МакSимнің салмағы бүгінде 43 келі ғана. Ол өмірі үшін барын салып күрескен дәрігерлерге шексіз алғысын айтуда.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Шолпан Каринова жаңа қызметке тағайындалды

Шолпан Каринова жаңа қызметке тағайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

ҚР Президенттік орталығында  «Ұлы дала бояулары» атты көрмесі ашылды

ҚР Президенттік орталығында «Ұлы дала бояулары» атты көрмесі ашылды

2 года ago
Мәжілісмен «ЭКСПО ісін» қайта қарауды ұсынды

Мәжілісмен «ЭКСПО ісін» қайта қарауды ұсынды

2 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In