• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Нұртөре Жүсіп: Тәлім ТВ мен «Ел Арнаны» жасөспірімдер арнасына айналдыру керек

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Нұртөре Жүсіп: Тәлім ТВ мен «Ел Арнаны» жасөспірімдер арнасына айналдыру керек
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Ел Арна», «Тәлім ТВ» арналарын жасөспірімдер арнасына айналдыру керек. Бұл жайында бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Үкімет басшысына сауал жолдаған депутат Нұртөре Жүсіп айтты.

Оның айтуынша, ұлттық идеология мен ұлттық тәрбиені дамытуда айтарлықтай алшақтық болды. Дегенмен сенаторлар бұл мәселені Үкімет алдында бірнеше рет көтеріп, тіпті осы саладағы жағдайды жақсарту бойынша нақты ұсыныстар жіберген. Мәселен, өткен жылы Сенатта ұлттық құндылықтарды сақтау және одан әрі ілгерілету мәселелеріне арналған парламенттік тыңдау өтті. Тыңдауға қатысушылар көптеген проблемалық мәселелерді көтеріп, жұмыс қорытындысы бойынша Үкіметке ұсыныстар берген.

«Сізден сол ұсынымдарға қайта назар аударуды, парламенттік тыңдау материалдарын Үкімет мүшелерінің бәріне таныстыруды және соларды жүзеге асыру үшін шұғыл әрекет етуді талап етемін! Сенат бес құндылықты – атап айтқанда, тәуелсіздік және тарихи таным, ел мен жер, тіл мен имандылық, ұлттық дәстүр және отбасылық тәрбие, білім мен біліктілік мәселесін қазақ қоғамының басты қағидаттары ретінде күн тәртібіне шығарды. Соның бірде біреуі назарға алынбады. Айтылған сөз айтылған жерде қалды», — деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

Депутат сондай-ақ өзінің сауалында қоғамды толғандыратын бірқатар мәселелерді де айтты. Мұның ішінді телеарналардың негізгі бағдары да бар. Елдегі жетекші арналардың көпшілігі мемлекеттік тапсырыс есебінен бюджеттен қаржыландырылады. Оларға «рейтинг» не үшін керек деп сұрақ қойған депутат, «Ел Арна» және «Тәлім ТВ» арналарын жасөспірімдер арнасына айналдыруды ұсынды. Мұндай контентті жасау қажеттілігінің маңыздылығын екі ай бұрын ел Президенті атап өткен болатын.

Сондай-ақ, депутат білім беру, жастарды рухани тәрбиелеу, жасөспірімдер үшін цифрлық жобалар жасау және жұмыссыздық мәселелерін шешу салаларында бірқатар нақты мәселелерді көтерді.

«Үкімет басшысынан осы айтылғандарды және Сенат қабылдаған Ұлттық құндылықтар туралы ұсынымдар мен әлеуметтік желідегі пайдалы ұсыныстарды тезірек елекке салып, нақты іс-қимыл жоспарын жасауды сұраймын. Ешкім бізге жаңа мемлекет құрып бермейді. Бізге іргесі берік қоғам керек. Жаңарған Қазақ Елі керек! Осыны күн сайын есте ұстау керек», — деді сенатор.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қасым-Жомарт Тоқаев: Сыртқы игіліктің шикізаттық лағынетке айналғанын байқамай қалдық

Қасым-Жомарт Тоқаев: Сыртқы игіліктің шикізаттық лағынетке айналғанын байқамай қалдық

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Азамат Сатыбалды: Әкем анамды алып кететіндей көрініп тұрады

Азамат Сатыбалды: Әкем анамды алып кететіндей көрініп тұрады

4 года ago
Кейбір мердігерлер мемлекеттік сатып алу конкурсында негізсіз жеңіске жетті

Кейбір мердігерлер мемлекеттік сатып алу конкурсында негізсіз жеңіске жетті

8 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In