• RU
Четверг, 22 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home құқық

«Нұр жолы» кеден бекетінің басшысы мен орынбасары прокурорға 50 мың доллар пара берген

by Jasyn
06/03/2024
in құқық
0
«Нұр жолы» кеден бекетінің басшысы мен орынбасары прокурорға 50 мың доллар пара берген
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бас прокуратура Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кеден саласында тексеру жүргізді.Бұл жайында ведомство өзінің Youtube каналында мәлім етті.

«Нәтижесінде мемлекетке 165 млрд теңгеге залал келтірген кедендік төлемдерден жалтару және тауарларды жалған декларациялау фактілері анықталды. Тек Қытаймен шекаралас кеден бекеттерінде тауарларды жалған декларациялаудың 367 фактісі орын алған. Кәсіпкерлердің салықтан жалтаруы үшін, уәкілетті экономикалық операторлар соңғы екі жылда 221 миллиард теңгеге жалған счет-фактура жасаған. Тексерудің тек бір айында жалпы құны 800 миллион теңгені құрайтын контрабанданың 16 фактісі анықталды. Мысалы, «GROUP OF THE COMPANIES TDA» компаниясы 287 млн теңгенің тауарын шекарадан заңсыз өткізген. Аталмыш компанияның директоры қамауға алынды» делінген видеода.

Сондай-ақ, кеден саласындағы жұмыскерлер өз қызметін лайықты орындамаған. Атап айтқанда, 27 қаңтарда «Нұр жолы» кеден бекетінің маманы Мошканов, «Берекет Логистик» компаниясына тиесілі декларацияланбаған тауардың салмағын заңсыз азайтып, оны 337 кг деп көрсеткен.

Алайда, прокурорлар жүкті қайта тексерген кезде, декларацияланбаған тауардың салмағы 22 тонна екендігін анықтаған. Ол тауарлардың құны 127 миллион теңгені құраған. «Бұдан бөлек, ақпараттық жүйелерде мәліметті заңсыз өзгерту салдарынан 9 импорттаушы бюджетке 143 млн теңге шығын келтірген.

Бұл іске Алматы мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің қатысы бар. «Нұр жолы» кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары прокурорға 50 мың АҚШ доллары көлемінде, ал «Cargo Management» операторының өкілі 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара берген. Алайда прокуратура қызметкері олардың заңсыз әрекетіне тоқауыл қойып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп арнайы шаралар жүргізу кезінде пара берушілердің әрекетін әшкерелеген.

Жоғарыда аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Кедендік реттеу саласындағы проблемаларды жою үшін Үкіметке прокурорлық қадағалау актісі енгізілді» делінген хабарламада.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Ербол Назарбаев Антикордағы қызметінен босатылған

Ербол Назарбаев Антикордағы қызметінен босатылған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Алмаз Шарман: COVID-19 ерлерде белсіздік туғызуы мүмкін

Алмаз Шарман: COVID-19 ерлерде белсіздік туғызуы мүмкін

4 года ago
500 шетелдік автокөлік ЕАЭО кедендік аумағынан әлі күнге шығарылмаған

500 шетелдік автокөлік ЕАЭО кедендік аумағынан әлі күнге шығарылмаған

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In