• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Мәдениет

«Ninety One сатқындық жасады»: Жұбаныш Жексенұлы атышулы топқа айып тақты

by Jasyn
06/03/2024
in Мәдениет
0
«Ninety One сатқындық жасады»: Жұбаныш Жексенұлы атышулы топқа айып тақты
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Танымал отандық әнші Жұбаныш Жексенұлы Тимур Балымбетовтің «Ашығын айтқанда» бағдарламасына сұқбат беріп, қазіргі эстраданың ахуалы жөнінде пікір білдірді. Оның ішінде әнші Ninety One тобының репертуарына тоқталып, топ мүшелерін «тілді қорлады» деп айыптады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама барысында Жұбаныш Жексенұлы қазіргі эстрада өкілдерінің кәсібилігіне қатысты өз ойын ашық айтты. Аға буын өкілінің пікірінше, бүгінде музыканың қадірі кетіп, «халі» нашарлаған. Дегенмен, музыкаға көзқарасы ерекше жастар да баршылық екенін атап өтті ол. Сұқбат барысында, әнші Ninety One тобына да өз ренішін білдірді. Айтуынша, олар орындайтын әннің сөздеріне тиісінше құрмет көрсете алмайды. Астарлап жеткізгісі келіп, сөздің айтылуын өзгертіп тастайды. Осылайша, қазақ тіліне сатқындық жасайды, деген пікірін білдірді әнші.

«Мен олардың музыкасын жақсы көремін. Маған ұнайды. Киіну, шаш бояу, сырға тағуда емес мәcеле. Мені ренжіткен нәрсе — әкесінің, атасының бабасының сөйлеген тілін қорлау. Мәтінге қатысты «жоқ, ол сөзді емес, негізі мына сөзді айттық» дейді. Оны хайп деп айтамыз ба, не дейміз? Cізге ұнай ма білмеймін, маған ұнамайды. Мысалы, бір әнінде «құрттың ғой бәрін» деген тіркес бар. Оны қоспаса да болар еді. Мүмкін, ескі заманның адамы деп ойлайтын шығар, бірақ мен оны мазақтау деп білем. Үлкен бір қылмыс емес, бірақ сатқындық деп санаймын. Бабасы сөйлеп келген тілді миллиондардың алдында осылай айта салу деген дұрыс емес.

«Жаман сөз айтқан жоқпыз ғой» дейді. Сөйтіп таңғалдырады. Ойының ұшқырылығы ғой. Бірақ мен осыдан кейін оларды тыңдамай қалады. Жаман сөз емес шындығында, бірақ астарында басқа нәрсені айтып тұр. Ол — мазақ. Ол — өзін-өзі мазақтау. Ал хайп дер болса, ол — өз ішкі принципін сату», — деді әнші.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Елімізде алдағы күндері 46 градусқа дейін ыстық күтілуде

Елімізде алдағы күндері 46 градусқа дейін ыстық күтілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

2022 жылдың қорытындысымен «Үздік салық төлеушілер» мен «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушыларын» марапатталды

2022 жылдың қорытындысымен «Үздік салық төлеушілер» мен «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушыларын» марапатталды

2 года ago
Ресей БҰҰ жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңеске дауыс беру құқынан айырылды

Ресей БҰҰ жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңеске дауыс беру құқынан айырылды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In