• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Саясат

Немістер Жамбылдан комбинат салып жатыр

by Jasyn
06/03/2024
in Саясат
0
Немістер Жамбылдан комбинат салып жатыр
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облысы Қордай ауданында жаңатау-кен металлургия комбинатының қазығы қағылды. Бұл туралы  ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram каналында хабарланды.

Жобаны «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен «Monterra Group AG» (QuestaCapital GmbH) герман компаниясы жүзеге асырады. Құрылыстың салтанатты ашылу рәсіміне ГФР-дің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тилло Клиннер, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, «Monterra Group AG» Басқарма төрағасы Кристиан Граф Фон Страхвитц, сондай-ақ «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ сервистік қолдау департаменті директорының орынбасары Марат Есенов қатысты. Жобада 5 млн тоннаға дейін кен өндіру мен өңдеу жоспарланған. Жобаны іске асыру 3 кезеңен тұрады. Инвестицияның жалпы көлемі 810 млрд теңгені құрайды. Пайдалануға берілгеннен кейін комбинатта 2800-ден астам адам жұмыспен қамтылады. Жобаны іске асыру мерзімі 2049 жылға дейін есептелген.

«Бүгінде «Монтерра Қазақстан» компаниясының бағалы металдарды өңдеу және алтын кен орындарын игеру бойынша ірі өнеркәсіптік нысанының негізі қаланды. Біз бұл жоба өңірдің әл-ауқатын жақсартуға мультипликативті әсер береді — жергілікті халықты жұмыспен қамтып, аралас салаларды дамытуға ықпал етеді деп сенеміз», — деп атап өтті Алмас Айдаров. Инвесторлардың айтуынша, кәсіпорын Доре қорытпасында алтын өндіруді жоспарлап отыр. 1 кезекті жүзеге асыру аясында –жылына 1 тоннаға дейін. Екінші кезеңді жүзеге асыру жылына 5 тоннаға дейін өндіруге мүмкіндік береді. 3-кезеңде «Monterra Group» компаниясы жыл сайын 10 тоннаға дейін алтын шығаруды жоспарлап отыр.

Айта кету керек, қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қымбат металды елден шетелге шығаруға тыйым салынған. «Барлық жұмыстар экологияның барлық талаптарын, заманауи технологияларды қолдануды, қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын ескере отырып, жоғары деңгейде жүргізілуде. «Monterra Group» жұмысындағы негізгі басымдық – бұл тұрақты даму, сондықтан қоршаған ортаны қорғау жөніндегі барлық міндеттер халықаралық және еуропалық стандарттарға сәйкес іске асырылады. Біз экологияны қорғауға барынша жауапкершілікпен қараймыз және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезеңінде Қазақстан мен Германияның мамандандырылған ұйымдарын тарта отырып, үнемі экологиялық мониторинг жүргіземіз», — деп мәлімдеді Кристиан Граф Фон Страхвитц. Қаратас-Майбұлақ алаңы учаскелеріндегі кен орындарында өндіру жерасты тау-кен қазбаларына өтетін ашық карьерде жүзеге асырылатын болады. Өндірілетін кендерде көміртекті материалдың, күшән мен полиметалдардың көп болуына байланысты жобада Еуропада қолданылатын алынған концентраттарды өңдеудің заманауи технологиялары (Albion Process) қолданылады.

«Өз тарапынан KAZAKH INVEST осы ірі жобаны іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Германиялық бизнесмендер инвестициялық келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр, оның аясында бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар алады. Бұл жоба бағалы металдарды қайта өңдеу саласындағы өңірдің әлеуетін бағын ашуға көмектеседі, жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартады және Қазақстан мен Германия арасындағы іскерлік және достық байланыстарды нығайтуға қосымша серпін береді», — деп хабарлады «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ сервистік қолдау департаменті директорының орынбасары Марат Есенов.

Айта кетейік, «Monterra Group AG» компаниясы 2020 жылы Жамбыл облысының экономикасына 2,3 млрд теңгеден астам инвестиция салды. Биыл инвесторлар шамамен 7 млрд теңге салуды жоспарлап отыр.

 

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбыл облысында ауылдар ішімдіктен бас тартып жатыр

Жамбыл облысында ауылдар ішімдіктен бас тартып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Житель Жамбылской области 6 лет не платил алименты ребенку: начато уголовное дело

Житель Жамбылской области 6 лет не платил алименты ребенку: начато уголовное дело

2 года ago
Жамбылда мас жүргізушінің кінәсінен болатын жол апаттары артқан

Жамбылда мас жүргізушінің кінәсінен болатын жол апаттары артқан

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In