• RU
Среда, 20 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану

«Мұнда жаңа жобалар жүзеге асып, тіршілік қайнап жатуы керек»

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазығұрт ауданына жұмыс сапарымен барып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған мәжіліс өткізді.

by Jasyn
05/08/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану
0
«Мұнда жаңа жобалар жүзеге асып, тіршілік қайнап жатуы керек»
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кездесу барысында өңір басшысы ауданның ағымдағы дамуы мен алдағы жоспарлары бойынша нақты көрсеткіштерін саралап, аудан және ауыл округі әкімдеріне, басқарма басшыларына тапсырмалар берді.

– Қазығұрт ауданының орналасқан орны экономиканы, сауданы, өндірісті дамытуға өте қолайлы. Мұнда түрлі салада жаңа жобалар жүзеге асып, тіршілік қайнап жатуы керек. Ауданның әлеуеті жоғары. Өздеріңіз баяндаған инвестициялық жобаларды сапалы әрі уақтылы жүзеге асырыңыздар. Бұған жергілікті әкімдер, мәслихат депутаттары, басқарма басшылары бірлесе үлес қосулары керек, – деді Нұралхан Көшеров.

Мәжілісте аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың есебі мен басқарма басшыларының ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Ауданда өндірісті, туризмді, ауыл шаруашылығын дамыту және өзге де бағыттар бойынша нақты міндеттер жүктелді.

Айта кетейік, биылғы жартыжылдықта ауданның жалпы өңірлік өнім көлемі 54,6 млрд теңгені құраған. Өнеркәсіп өнімінің көлемі бойынша да оң нәтижелер бар. 2024 жылы нақты көлем индексі 110,2 пайызды құраса, 2025 жылдың алғашқы 6 айында бұл көрсеткіш 119,5 пайыз болып отыр.

Кездесу барысында инвестициялық ахуалға ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда 2025-2026 жылдар аралығында жалпы құны 21,1 млрд теңге болатын 24 инвестициялық жоба іске асырылуда. Аталған жобалардың нәтижесінде 749 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Оның ішінде 2025 жылы 7,9 млрд. теңгені құрайтын 18 инвестициялық жобаны іске асырып, 299 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланса, жыл басынан бері 2,9 млрд. теңгені құрайтын 6 жоба іске қосылып, 70 жаңа жұмыс орны ашылған. Ауданда «Тұрбат» агроиндустриалды аймағы салынады.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров өз сөзінде ауданның даму қарқынына оң баға беріп, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру, инвестиция тарту және жұмыс орындарын көбейту бағытында жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарға халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар жүктеді.

Жалпы алғанда Қазығұрт ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтар болсақ, 2025-2030 жылдарға арналған «Экономикалық өсуді қамтамасыз ету» бойынша стратегиялық бастамаларды жүзеге асыратын жол картасы әзірленген. Бұл құжат аудандағы ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамытуға, инвестиция тарту, жаңа технологияларды енгізу арқылы өнімділікті арттыруға және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған.

Жақында Жол картасының негізгі бағыттарымен танысу мақсатында облыстық мәслихат төрағасы, Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі төрағасы Нұралы Әбішов пен Палата директоры Асылан Ибадуллаев Қазығұрт ауданына арнайы келіп, бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралады.

Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов 2025-2030 жылдар аралығында құны 55,1 млрд. теңге болатын 45 жобаны іске асырып, 1 364 адамды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарланғанын жеткізді.

Нұралы Әлмаханұлы алдымен Қазығұрт елді мекенінде салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты. Аталмыш жоба жеке инвесторлардың қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Мұнда 2 қабатты, 8 пәтерден тұратын 10 тұрғын үйдің құрылысы көзделген. Бұл жобалардың іске асуы аудан халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға, әсіресе баспанаға мұқтаж отбасылардың тұрғын үймен қамтамасыз етілуіне зор үлес қосады.

Сондай-ақ, Шарбұлақ ауыл округінде орналасқан «Бірлік АШК» өндірістік кооперативінің жұмысы да мақтауға тұрарлық. 2016 жылы құрылған шаруашылық бүгінде «Голден Делишес», «Ред Делишес», «Гала», «Фуджи», «Грени Смит» атты алма түрлерін өсіретін қарқынды бауға айналған. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Корпорация АҚ ордасы» ЖШС-нан қаржыландырылған жоба құны 2 миллиард 500 миллион теңге. Көлемі — 150 гектар суармалы жер, соның ішінде бау 120 гектарды құрайды. Мұнда жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылған. Маусымдық жұмысшылар саны 200-ге дейін жетеді. Өндіріс орны 24 дана техникамен жабдықталған.

Аудан экономикасын әртараптандыру, халықты жұмыспен қамту және ауылдық жерлердегі тұрмыс сапасын арттыру бағытындағы бұл бастамалар – өңірдің тұрақты дамуына, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін бермек.

Фото: ERNUR.KZ

 

Tags: ауыл шаруашылығын дамытужаңа жобаларжұмыссыздық деңгейін төмендетуөнімділікті арттыруТүркістан облысы Қазығұрт ауданыЭкономикалық өсуді қамтамасыз ету
Jasyn

Jasyn

Next Post
1 тамыздан бастап автогаз бағасы өсті

1 тамыздан бастап автогаз бағасы өсті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда жұмыс күнін заңсыз ұзартқандарға айыппұл салынатын болады

Қазақстанда жұмыс күнін заңсыз ұзартқандарға айыппұл салынатын болады

4 года ago
3 миллионнан астам уақ мал санда бар, санатта жоқ

3 миллионнан астам уақ мал санда бар, санатта жоқ

12 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In