• RU
Пятница, 13 июня, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Ерекше қажеттілігі бар адамдарға құрметпен қарау

Мүмкіндігі шектеулі жандардың грант алуға мүмкіндігі бар

Биыл Жамбыл облысында субсидияланатын жұмыс орындары бойынша жоспар 17182 адам болып белгіленіп, бүгінгі күнге жоспар 84,7 пайызға орындалды. Бұл туралы Жамбыл облыстық еңбек мобильдігі орталығының директоры Серік Әлібеков хабарлады.

by Jasyn
11/06/2025
in • Ерекше қажеттілігі бар адамдарға құрметпен қарау
0
Мүмкіндігі шектеулі жандардың грант алуға мүмкіндігі бар
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Орталық директорының айтуына қарағанда сонымен қатар, мүгедектерге арналған субсидияланған арнайы жұмыс орындарына 11 адам жоспарланып, оған 4 адам жолданған. Бұл дегеніміз жоспардың 36,4 пайызы.

Ағымдағы жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 1636 адамға екі лекпен қайтарымсыз грант беруді көздеп отырмыз. Яғни, бірінші лек бойынша 504 адамға, екінші лек бойынша 1132 адамға жалпы 2,5 млрд. теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілмек.

«Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар үкімет белгіленген қағида талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл қайтарымсыз гранттар халықтың осал санатына бағытталған. Егерде сол санаттарға жататын болса қатысуға болады. Яғни, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы аналар, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған адамдар және оның жұбайы грант алуға мүмкіндіктері бар» дейді бұл жөнінде Жамбыл облыстық еңбек мобильдігі орталығының директоры Серік Әлібеков.

Сондай-ақ, жұмыссыз азаматтардың біліктілігін арттыру, жаңа мамандық беру мәселелері де қарастырылған. Биылғы жылы 1315 адамды кәсіптік оқытумен қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде 980-і білім беру ұйымдарында оқыту, 335-і жұмыс берушілердегі жұмыс орнында оқыту жоспарланған.

Бүгінгі күнге осы жоспарланған адамдардың 203-і оқыту курстарына жолданды. Бұл ретте әр оқытылып жатқан азаматқа шәкіртақыға дейін қаралған, Яғни, айына 43574 мың теңге, жол жүру ақысы 15728 мың теңге төленбек.

Ерекше жандарға табыс табуда тең мүмкіндіктер жасаудың басты шарттарының бірі – оларды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту. Бұл бағытта мүгедектігі бар жандарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және пробация есебіндегі азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту мақсатында 2025 жылы 101 адамды жұмыспен қамту көзделіп, 28 адам жұмыспен қамтылды.

Тағы бір айтары, биыл арнайы жағдайдағы балалар – көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар лагерьлерде сауықтырылмақ. Нақтырақ айтсақ, биыл Жамбыл облысында 1-ден 10-сыныпқа дейінгі 217 757 оқушының 193 067-сі, яғни 88,6 пайызы жазғы сауықтыру және демалыс шараларымен қамтылмақ.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Нурбек Оршубеков хабарлады.

Облыстағы 12 қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінің 7-сі маусым айында балаларды қабылдау үшін дайындық үстінде. Олардың ішінде «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы жыл бойы жұмыс істейді. Қалған алты лагерь маусымдық жұмыс істейді: мемлекеттік «Балауса», «Жұлдыз», «Жұрындысай» және жекеменшік «Болашақ», «Берікқара», «Тау самалы».

Арнайы жағдайдағы балалар – көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 7 669 бала осы лагерьлерде сауықтырылмақ. Балалардың жазғы демалысы мен сауықтыру шараларының сапалы әрі қолжетімді болуы үшін барлық қажетті шаралар атқарылуда.

Фото: zhasalash.kz

Tags: Ерекше жандарға табыс табуЖамбыл облысы әкімдігімүмкіндігі шектеулі жандар
Jasyn

Jasyn

Next Post
3 мыңға жуық адам бос жұмыс орындарына жолдама алды

3 мыңға жуық адам бос жұмыс орындарына жолдама алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Түркістанда ветеринариялық препараттар шығаратын зауыт салынады

Түркістанда ветеринариялық препараттар шығаратын зауыт салынады

4 года ago
2030 жылға қарай су тапшылығы 23,2 текше шақырымды құрауы мүмкін – министрлік

2030 жылға қарай су тапшылығы 23,2 текше шақырымды құрауы мүмкін – министрлік

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In