• RU
Пятница, 11 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Мүмкіндігі шектеулі жандарға құрметпен қарау

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін экскурсия ұйымдастырылды

Кемтар жандар кез келген қоғамда бар. Дамыған елдерде оларға жақсы жағдай жасалған. Мәселен, мүгедектердің қол арбасымен көңілі қалаған жаққа баруы, кез келген ғимаратқа кедергісіз кіруі, жұмысқа оңай орналасуы, бос уақытында демалып, көңіл көтеруі жан-жақты қарас¬ты¬рылған.

by Jasyn
10/07/2025
in • Мүмкіндігі шектеулі жандарға құрметпен қарау
0
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін экскурсия ұйымдастырылды
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жақында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты — қоғамның әрбір мүшесіне тарихи-мәдени құндылықтарды қолжетімді ету, рухани байытуға ықпал ету және әлеуметтік бейімделуге қолдау көрсету.

Экскурсия барысында қатысушылар музей залдарымен танысып, Жамбыл өңірінің бай тарихы, мәдениеті мен табиғаты жайлы мол мағлұмат алды. Археологиялық жәдігерлер, этнографиялық бұйымдар, Тараз қаласының көне тарихынан сыр шертетін экспонаттар ерекше қызығушылық тудырды. Музей қызметкерлері әр көрме залы бойынша мазмұнды әрі түсінікті тілде ақпарат беріп, қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Қатысушылар экскурсиядан ерекше әсер алып, тарихи жәдігерлер арқылы туған өлкесінің өткенімен тереңірек танысу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, экскурсия әлеуметтік қолдауды сезіндіретін, көңілге үміт пен сенім ұялататын маңызды қадам болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мүгедек жандарға қамқорлық жасауды әлеуметтік саладағы басты міндеттердің бірі ретінде үнемі айтып келеді. Мемлекет осы бағытта күнделікті қызметін жалғастырып, мүмкіндігі шектеулі жандардың көңіл күйін көтеріп, өздерін қоғамымыздың толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне жағдай жасауға ұмтылуда. Бұл ретте мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты көмектесіп, оларды белсенді тірлікке тарту, жұмыспен қамтуға қатысты шаралар арнасын кеңейту жүзеге асырылуда. Қоғамдағы осы топтағы адамдардың тіршілік ету сапасын жақсарту — мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып белгіленуде.

Мүгедектер қоғамының басты міндеті — ең алдымен, мүмкіндігі шектеулі жандардың мұң-мұқтажына толық жауап беру және әлеуметтік қорғау болып табылады.

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Кәрентаевтың айтуына қарағанда биыл жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік  көмек тағайындау және төлеуге 2025  жылға  111,8 млн. теңге бөлініпті. Оның 52,7 млн. теңгесі республикалық бюджеттен, 59,2 млн. теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген.

Сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдарға техникалық оңалту және орнын толтырушы құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында 130,7 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күнге әлеуметтік оңалту құралдарына мұқтаж 242 адам қамтылды.

Сонымен қатар «Мойынқұм ауданы бойынша психоневрологиялық аурулары, тірек-қимыл аппараты бұзылған 4 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 15 балаға мәдени-бұқаралық  іс-шаралар мен білім беру курстарын ұсыну» жобасына 34,8 млн.теңге қаржы бөлініп, бүгінгі бұл бағытта іс-шаралар атқарылуда.

Ал, инватакси қызметі бойынша кресло-арбамен қозғалатын психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедектігі бар адамдарға, тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық паталогиясы бар балаларға «Инватакси» қызметін көрсету үшін жергілікті бюджеттен 14,9 млн.теңге қаралып, 14 елді мекенінен мүгедектігі бар 48 адамға 1 бірлік «Инватакси» қызметі көрсетілуде.

Фото: Жамбыл Облысы Әкімдігінің Мәдениет Басқармасы

 

 

Tags: Жамбыл облысыЖамбыл облысы Мойынқұм ауданымүгедек жандарға қамқорлық жасаумүмкіндігі шектеулі жандармүмкіндігі шектеулі жандарға арналған экскурсияЭкскурсия
Jasyn

Jasyn

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстандықтар атақты Версаль сарайына виртуалды экскурсия жасай алады

Қазақстандықтар атақты Версаль сарайына виртуалды экскурсия жасай алады

4 года ago
Мектеп психологтарының жалақысын көбейту керек

Мектеп психологтарының жалақысын көбейту керек

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In