• RU
Пятница, 13 июня, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қолдау

Мүмкіндігі шектеулі балалар арасында боччадан жарыс ұйымдастырылды

Таразда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мүгедектігі бар балаларға арналған «Балалар ертегі әлемінде» атты іс-шара өтті.

by Jasyn
04/06/2025
in • Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қолдау
0
Мүмкіндігі шектеулі балалар арасында боччадан жарыс ұйымдастырылды
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Нақтырақ айтсақ, Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен мүгедектігі бар балаларға арналған «Балалар ертегі әлемінде» кешінде ата-аналарға арналған «Құқықтық алаң» ұйымдастырылды. Ата-аналар мамандардан кеңест алды. Сонымен қатар, Балалардың шығармашылықтарын дамыту мақсатында «Балалық шақ елінде» атты көркем суреттер байқауы ұйымдастырылды.

Мүгедектігі бар балалардың әлеуметтік ортаға бейімдеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Сиқыр әлемі» атты шеберлік сағаты өткізілді. Шара барысында балалар «құмыра дөңгелегі» станогында жұмыс істеуді үйреніп, саз балшықтан құмыралар, ыдыстар және гипс, сабын кесінділерінен түрлі декоративті бұйымдар жасау процесімен танысты.

Балаларға көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсер сыйлау мақсатында «Әлем ғажайыпқа толы» атты театрландырылған ойын-сауық бағдарламасы өткізілді. Ерекше форматта ұйымдастырылған бұл мерекелік іс-шара келген қонақтардың үлкен қызығушылығын туғызды.

Іс-шара «Балалық шақ мерекесі» атты концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Мерекелік сахнада ерекше балалар өз өнерлерін ортаға салып, «Nomad» тобының ән шашуымен, «Тәттілер», «Бақытты балалық шақ» әндері айтылып, сондай-ақ «Алға, Қазақстан!» флешмобы, «Шаттық» биі орындалды.

Кеште мүмкіндігі шектеулі балалар арасында бочча спорттық ойын түрінен жарыс ұйымдастырылды. Бұл ойын қатысушылардың қызығушылығын тудырып, олар өз шеберліктерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сыйлық табысталып, ынталандыру мен қолдау көрсетілді.

Аталған іс-шараға жалпы 320 мүмкіндігі шектеулі бала мен ата-аналары қамтылды.

Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Tags: «Балалар ертегі әлемінде» атты іс-шараМүмкіндігі шектеулі балалар
Jasyn

Jasyn

Next Post
7 248 түлек еңбек нарығына аттанғалы отыр

7 248 түлек еңбек нарығына аттанғалы отыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Около 15 тысяч дефектов на автодорогах выявили полицейские в Жамбылской области – к ответственности привлечены 343 должностных лица

Около 15 тысяч дефектов на автодорогах выявили полицейские в Жамбылской области – к ответственности привлечены 343 должностных лица

2 года ago
Кредит пен қарызды жабу: Зейнетақы жинағын пайдалану ережесіне қандай өзгерістер енгізіледі

Кредит пен қарызды жабу: Зейнетақы жинағын пайдалану ережесіне қандай өзгерістер енгізіледі

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In