• RU
Понедельник, 4 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Мүмкіндігі шектеулі жандарға құрметпен қарау

Мүгедектігі бар 201 азамат тұрақты жұмысқа орналасты

Елімізде мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау бағытында үкіметтік емес ұйымдардың да атқарып отырған жұмыстары айтарлықтай. Бүгінгі күнге олар 988 мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде.

by Jasyn
30/07/2025
in • Мүмкіндігі шектеулі жандарға құрметпен қарау
0
Мүгедектігі бар 201 азамат тұрақты жұмысқа орналасты
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Соның ішінде, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдар арқылы 5 әлеуметтік жоба іске асырылып, 630 мүгедектігі бар адамдарға және балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 190 млн. теңге қаржы бөлінді.

Сондай-ақ, Байзақ, Жуалы және Мойынқұм аудандарында 75 мүгедектігі бар балаларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдар тарапынан күндіз болу жағдайында оңалту және бейімдеу орталықтары арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде.

Бұл мақсаттарға жалпы жергілікті бюджеттерден 83,0 млн. теңге қаржы бөлінген.

Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдер тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 8 үкіметтік емес ұйымдар арқылы 283 мүгедектігі бар азаматтар мен балаларға, оның ішінде 61 ересек жанға, 222 балаға үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылуда.

Мүгедектігі бар азаматтардың мәселелерін дер кезінде шешуді қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне мүгедектігі бар азаматтар қатарынан штаттан тыс кеңесшілер тағайындалып, жұмыс атқаруда.

Ерекше жандарға табыс табуда тең мүмкіндіктер жасаудың басты шарттарының бірі — оларды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту. Жергілікті атқарушы органдар еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар үшін кәсіпорындардағы жұмыс орындары санының
2-4 пайызға дейінгі мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгілейді.

2025 жылы мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында 67 мекемеде 101 орынға квота аясында жұмыс орындары бекітіліп, есепті мерзімге квота аясында                                   32 мүгедектігі бар адамдар жұмысқа орналасты.

2025 жылдың 1 шілдесіне Еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында
1170 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, олардың 201-і тұрақты жұмыстармен қамтылды,
307 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, 17 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 9 адам жастар практикасына жұмыстарға жолданды, алғашқы жұмыс орындарына – 5 адам, «Күміс жас» жобасына – 47 адам жолданды, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына – 15, онлайн оқыту курстарына – 139 адам жолданды, «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 318 адам жолданды, 112 адам қайтарымсыз грант алды.

Бұдан бөлек, 66 жәрмеңкесі ұйымдастырылып, бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде 998 жұмыс беруші мекемелерден 4566 бос жұмыс орындары ұсынылып нәтижесінде, тұрақты жұмыс орындарына мүгедектігі бар 201 азамат орналасты.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы
30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында жергілікті бюджет есебінен ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне және оларға теңестірілгендерге, сондай-ақ мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік  көмектер қарастырылған.

2025 жылы облыста  6 ҰОС ардагері мен  ҰОС мүгедектері бар. Оларға 9 мамыр Жеңіс күніне әрқайсысына                                     5,0 млн.теңгеден бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Ағымдағы жылдың жергілікті бюджеттер есебінен ҰОС ардагерлеріне, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендерге және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына 6441 адамға 773,6 млн. теңгеге әлеуметтік көмектер берілді.

Фото: dknews.kz

Tags: бос жұмыс орындар жәрмеңкесіЕрекше жандарға табыс табуда тең мүмкіндіктер жасаутұрақты жұмыс
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбылда оқ тиіп жараланған 4 адам ауруханаға жеткізілді

Жамбылда оқ тиіп жараланған 4 адам ауруханаға жеткізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбылда 190 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жамбылда 190 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартылды

4 года ago
ҰҚК Жамбылда екі есірткі тобының жолын кесті

ҰҚК Жамбылда екі есірткі тобының жолын кесті

9 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In