Мұрат Қабденов Түркістан облысының полиция басқармасының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Президент Әкімшілігімен келісе отырып, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Мұрат Қабденов Түркістан облысының полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жаңа полиция бастығының жеке құрамын Түркістан облысына жұмыс сапарының уақытын таныстырды.
Мұрат Қабденов құқық қорғау органдарында 1992 жылдан бері қызмет етіп келеді. Осы жылдары Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментін, Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетін басқарды, Ішкі істер министрінің кеңесшісі болды.
Соңғы жылдары ол Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетін басқарды