• RU
Понедельник, 19 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Енді не істейміз?

Мойынқұмға кім әкім болып барады?

Міне, екі жарым айдан бері Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімінің креслосы бос тұр.

by Jasyn
07/08/2024
in • Енді не істейміз?, Топ
0
Басқарма басшыларына бас маман қызметі ұсынылған
0
SHARES
580
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2021 жылдың қыркүйек айынан бері Мойынқұм ауданының әкімі қызметін атқарған Әлихан Балқыбеков биылғы жылдың 18-сәуірінде аяқ астынан кезекті еңбек демалысына шығуға және ары қарай өз еркімен қызметінен кетуге қоса өтініш жазған болатын. Оның қызметтен кету туралы өтінішіне 20-мамыр күні қол қойылып, оның орынбасары аудан әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Әрине, 35 жылдан бері мемлекеттік қызметте келе жатқан тәжірибелі басшы Әлихан Әбіләшұлының жоғары жақпен өзара бір келісімдерге келгеннен кейін аяқ астынан өз еркімен қызметінен кетуге өтінішін жазған болуы тиіс. Бірақ әл-әзірге Ә. Балқыбеков ешқандай қызметке тағайындалған жоқ.

Біздің білуімізше, Әлихан Балқыбековке облыс орталығынан қызмет ұсынылған. Бірақ мемлекеттік қызмет болмағандықтан ол қызметке баруға экс-аудан әкімінің өзі келіспеген көрінеді. Енді Балқыбековке тағы қызмет ұсыныла ма, оның мемлекеттік қызметтегі көп жылдық тәжірибесін ескере ме, жоқ әлде осылай ұмыт қалып кете бере ме, ол жағы енді белгісіз.

Мойынқұм ауданы әкімінің креслосы босағаннан кейін әдеттегідей ел ішінде «ол ауданға пәленше, түгеншелер әкім болып барады екен» деген әңгімелер гу етіп, түрлі жорамалдар жасала бастағаны да рас.

Ең бірінші болып Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің есімі аталды.

2022 жылдың қыркүйек айынан бастап облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарып келе жатқан Қанатбек Қайшыбекұлы негізінен ауылшаруашылығы саласына жетекшілік жасайтын. Бірақ Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев биылғы жылдың ақпан айында Әбілхайыр Тамабекті өзіне жаңа орынбасар етіп тағайындады да ауылшаруашылығы саласын түгелдей соған сеніп тапсырды.

Осыдан кейін Қанатбек Мәдібек ауданға әкім боп кетеді екен деген жорамалдар жасалып, Мойынқұм ауданы әкімінің креслосына бірінші үміткер боп танылғаны рас. Алайда Қ. Мәдібектің ауданға әкім болатыны туралы әңгіме тез басылды.

Бүгінде Қанатбек Мәдібектің облыс әкімінің орынбасары ретінде жетекшілік жасап отырған саласы мүлдем тарылып қалды деп айтуға болмас. Бір ғана энергетика саласының өзі мыңдаған жұмысшысы, жүздеген мекемесі бар өте ауқымды сала.

«Мойынқұмға әкім болып барады екен» деп жұрт жорамал жасаған кадрлардың бірі – Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Айтқазы Қарабалаев. Айтқазы Дәулетқұлұлы әкімдік қызметтің майын ішкен, тәжірибесі мол кадр. Екі ауданның және Тараз қаласының әкімі қызметтерін атқарған. Жалпы Жамбыл облысында қайсыбір аудан әкімінің орны босаса сол қызметке үміткерлердің ішінде Айтқазы Қарабалаевтың есімі міндетті түрде жүреді. Соған қарағанда Қарабалаевтың өзі  әлі де әкім болып, аудан басқарып, бағын сынаудан кет ары емес сияқты.

Қарабалаевтан кейін Ермек Карентаевтың есімі аталды. Жамбыл облысы әкімдігінің Жер қатынастары басқармасының басшысы. Жалпы алғанда Карентаевтар Жамбыл жеріне өте танымал әулет. Әкесі Амангелді Карентаев өмір бойы Жамбыл облысында басшылық қызмет атқарған. Өте абыройлы, әлі де жергілікті билікке ықпалы бар азамат. Жұрттың әңгімесіне сенсек, Карентаевтардың түбі осы Мойынқұм жерінен шығады. Ал, Ермек Амангелдіұлы Тараз қаласында дүниеге келді дегені болмаса бүкіл еңбек жолы Астанада, Үкіметте, министрлікте өткен екен. Сондықтан жасыратыны жоқ, Жамбыл жұрты жақсы танымайды.

Мойынқұмға мойын созған тағы бір үміткер – Жамбыл облысы әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев. Аспандияр Мұратәліұлы мемлекеттік қызметте әбден шыңдалғанымен үнемі тасада жүретін кадр. Көзге көп түсе бермейді. Осы уақытқа дейін қаншама қызметтер атқарса да жарқ етіп көптің алдына шыққаны байқалмаған. Бәріне күліп қарап қойып өзіне тән бір сыдырғы жүрісімен барлық басшының тілін тауып, жоғарыға жылжып келеді.

Міне, Мойынқұм ауданына әкім болып барады деп ел әңгіме қып жүрген кадрлар, осылар. Айтпақшы Меркі ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып жүрген бір жас жігіттің есімі де әңгіме арасында аталып қалғаны рас. «Әп-бәрекелді, жас әкім келетін болды-ау» деп жұрт алақанын ысқылап қалып еді, бұл әңгіме де тез басылды.

Әрине, осылардың әрқайсысы кез-келген ауданды басқарып кетуге лайықты кадрлар болса да неге екені белгісіз, бірде-біреуі Мойынқұмға әкім болып тағайындалған жоқ. Рас болса, осынау үміткерлердің кейбіріне Ақорда келісім бермеген, кейбірін жергілікті биліктің өзі қолай көрмеген, кейбірі кейін айнып қалған деген де әңгімелер бар.

Айтпақшы мойынқұмдықтар «жаңа әкім әне келеді, міне келеді» деп Тараз жаққа қайта-қайта мойын созып жүргенде бұл ауданға әкімнің міндетін уақытша атқарушы боп тағайындалған орынбасарды ауыстыруға тура келді.

Әкімнің міндетін атқарып жүрген орынбасарды не үшін ауыстырғаны туралы да ел ішінде алыпқашпа әңгіме көп.

Рас болса, әкімнің міндетін атқарушы әлдебір сыбайлас жемқорлыққа байланысты істі болып, қызметін тапсырып, бүгінде аудандық әкімдіктің бөлімдерін арнайы қызмет сұрақ-жауаптың астына алып жатқан көрінеді.

Алайда бұл оқиғаға байланысты антикор ресми мәлімет таратқан жоқ.

Қысқасы Мойынқұмда жұмбақ жағдайлар өте көп болып тұр.

Бірақ қалай айтсақ та Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев басшы таңдауды тым ұзаққа созып жібергені жасырын емес. Екі жарым айдан бері бір аудан әкімін тағайындай алмау, шалғай жатқан ауданға бір лайықты кадр таба алмау облыс басшысына сын емес пе?

Қарашөкеев шынында лайықты кадр таппай жатыр ма, жоқ әлде таңдаған кадры Ақорданың мақұлдауынан өтпей, дымы құрып отыр ма?

Осылайша Мойынқұм ауданы нағыз қайнаған тіршілікке толы жазды әкімсіз, басшысыз өткізетін түрі бар.

Қазір ел ішінде «пәленше-түгенше әкім болып келеді» деген әңгіме де басылып, жұрт қолын бір сілтеп күнделікті тіршілігіне кірісті. Қарашөкеев Мойынқұмға жаңа кадр іздеуге кіріскен сыңайлы. Онысы енді тағы қанша уақытқа созылады?

Шынын айту керек, мойынқұмдықтар жаңа әкімді күте-күте шаршады…

Фото adi19.ru

 

Tags: Айтқазы ҚарабалаевӘлихан БалқыбековЖамбыл облысы МойынқұмҚанатбек МәдібекМойынқұм әкімдігі
Jasyn

Jasyn

Next Post
Біздің жастар жаңашылдығымен ерекшеленеді

Біздің жастар жаңашылдығымен ерекшеленеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Әкімдіктерде ұйымшылдық жоқ

Әкімдіктерде ұйымшылдық жоқ

11 месяцев ago
Илон Маск күннен қуат алатын телефон ұсынды

Илон Маск күннен қуат алатын телефон ұсынды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In