• RU
Пятница, 5 декабря, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Су ресурстары және ирригация

Министр мен оқушы меморандумға қол қойды

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов ауадан су жинауға арналған ғылыми жобаның авторымен кездесті.

by Jasyn
03/12/2025
in Су ресурстары және ирригация, Топ
0
Министр мен оқушы меморандумға қол қойды
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Нақтырақ айтсақ, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы қаласындағы №79 гимназияның оқушысы Дана Қадырбекпен кездесті. Ол заманауи наноматериалдарды қолдана отырып, атмосферадан су жинайтын құрылғы ойлап тапқан. Бұл қондырғы электр желісіне қосылмай-ақ ауадағы ылғалды тиімді сіңіріп, конденсациялауға мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Дана Қадырбек құрылғының жұмысын бірлесіп талдауды, жобаны пилоттық режимде іске асыруды, ақпарат пен деректер алмасуды, сондай-ақ технологияны кеңінен қолдану мүмкіндігін зерттеуді көздейтін меморандумға қол қойды.

Нұржан Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ғылым және инновациялық технологиялар департаментіне бұл әзірлемені пилоттық режимде енгізу бойынша барынша қолдау көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ ведомство басшысы жоба авторына алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті.

«Дарынды жастардың су үнемдеу мәселелеріне бейжай қарамай, бірегей ғылыми жобалар әзірлеп, жүзеге асырып жүргені қуантады. Біз бұл жобаны бұрыннан бақылап келеміз. Ол су ресурстарын үнемдеуде ерекше шешім ұсынады, бұл әсіресе шалғай аймақтар үшін маңызды. Құрылғының ылғал аз кезде де атмосферадан су жинай алуы оның практикалық қолданылуын кеңейтеді. Қазіргі заманауи наноматериалдар мен күн энергиясын қолдану бұл жобаны «жасыл» инновациялардың маңызды жобасына айналдырады»,

– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Айта кету керек, ғылыми жоба халықаралық және республикалық деңгейдегі бірнеше конкурста жоғары баға алған. Атап айтқанда, Оңтүстік Кореяда өткен WICO халықаралық көрмесінде 36 ел мен 2000-нан астам қатысушы арасынан I орынды, Индонезиядағы Жастардың халықаралық ғылыми жәрмеңкесінде (YISF) 24 ел арасынан I орынды иеленді. Сондай-ақ ҚазҰУ халықаралық конференциясында және Kazakhstan Smart Space ғарыштық технологиялар байқауында марапаттарға ие болды.

Дана Қадырбектің жобасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіпті дамыту ұйымымен (UNIDO) бірлесіп жүзеге асырылатын «жасыл» стартаптарды қолдау жөніндегі Global Cleantech Innovation Programme (GCIP) халықаралық бағдарламасының он жартылай финалисінің қатарына енді. Жоба Қазақстан бойынша 500-ден астам өтініштің ішінен іріктеліп алынған.

«Бүгінгі кездесу өте жақсы әсер қалдырды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің жас ғалымдарға белсенді қолдау көрсетіп жатқаны ерекше қуантады. Мұндай қолдау менің ғылыми жұмысымды әрі қарай жалғастыруыма үлкен мотивация береді. Министрдің бүгін берген тапсырмасының арқасында біз құрылғыны далалық жағдайда сынап көруге және жобаны пилоттық режимде іске асыруға мүмкіндік аламыз»,

– деді Дана Қадырбек.

Фото: Azattyq-ruhy.kz

Tags: №79 гимназияның оқушысы Дана Қадырбекинновациялық технологияларсу жинауға арналған ғылыми жобаСу ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов
Jasyn

Jasyn

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Таразда су шаруашылығы және ирригация университеті құрылмақ

Таразда су шаруашылығы және ирригация университеті құрылмақ

1 год ago
Жамбыл облысында әскери қызметші казарманың 4-қабатынан секіріп көз жұмды

Жамбыл облысында әскери қызметші казарманың 4-қабатынан секіріп көз жұмды

5 лет ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In