• RU
Пятница, 17 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты

Міндет – сапалы өнім шығарып, сыртқы нарыққа да ұсыну

Қазақстан - инвестициялық тартымдығы жоғары мемлекет. Сол себепті де өзге елдер мен халықаралық ұйымдар елімізге қаржы құюға құлшынып тұрады.

by Jasyn
14/10/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты
0
Міндет – сапалы өнім шығарып, сыртқы нарыққа да ұсыну
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Инвестиция тарту үшін мемлекет түрлі амал-тәсілдер қарастырған. Басқа да ірі жобаларды жүзеге асыру көзделген. Олар инфрақұрылымды дамытуға, инвестициялар мен жаңа технологияларды тартуға жол ашады. Сонымен қатар бірнеше мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, — деген болатын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Түркістан облысы тағы бір ірі инвестициялық жобамен толықты. Түлкібас ауданы, Күмісбастау ауылында АҚШ-тың әлемге әйгілі RC Cola брендімен жұмыс істейтін «Beibars Bottlers» компаниясының заманауи сусын өндіру зауыты салтанатты түрде ашылды. Ауыз су мен алкогольсіз сусындар өндіруге маманданған бұл кәсіпорын өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға үлкен мүмкіндік беріп отыр.

Жаңа зауыттың ерекшелігі – заманауи неміс және италиялық технологияларға негізделген өндіріс желілері мен экологиялық таза, көпсатылы су тазарту жүйесі. Өндірісте пайдаланылатын су кәсіпорын маңындағы 170 метр тереңдіктегі ұңғымалардан алынып, жоғары халықаралық стандарттарға сай тазартылып отырады. Бұл судың сапасы АҚШ пен Италияның жетекші зертханаларында арнайы тексерістен өткен.

Жаңа зауыт 100 жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бұл – ауыл экономикасының жандануына, тұрғындардың әлеуметтік ахуалының жақсаруына тікелей әсер ететін маңызды қадам.

Зауыттың ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, кәсіпорын ұжымына сәттілік тілеп, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауларға тоқталды:

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде кәсіпкерлікке қолдау көрсетуді, шетелдік және отандық инвесторлар үшін қолайлы орта қалыптастыруды басты басымдықтардың бірі ретінде атап өтті. Бұл жоба – сол тапсырмалардың нақты орындалуының айғағы. Жергілікті әкімдік инфрақұрылымды жеткізіп, барлық қажетті қолдауды көрсетті. Ендігі міндет – сапалы өнім шығарып, оны тек ішкі емес, сыртқы нарыққа да ұсыну. Өңіріміздің дамуына үлес қосатын жобаның сәтті жүзеге асуына тілектеспін, – деді облыс әкімі.

Ашылу рәсіміне «RC Cola International» компаниясының бас менеджері Фрэнсис Лампера, «Freedom Bank» басқарма төрағасы Гүлфайруз Ахметова, сондай-ақ жобаның идея авторы әрі инвесторы – «Beibars Bottlers» ЖШС құрылтайшысы Амангелді Нұров қатысты. Олар бұл жобаның Қазақстан мен Орталық Азия нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсетінін айтты.

Кәсіпорынға шамамен 9 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған. Зауыт жылына 120 мың тоннаға дейін сусын өндіре алады. Өнімдер металл және пластик құтыларда шығарылып, Қазақстан нарығынан бөлек, көрші елдерге де экспортталмақ.

Жобаны іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» қаулысына сәйкес, зауыттың инфрақұрылымын жеткізу үшін 705 млн теңгеге 6140 метрлік 35 кВ электр желісі мен қосалқы станция салынды. 25 млн теңгеге табиғи газ құбыры тартылып, 240 млн теңгеге кәріз жүйесі мен тазарту қондырғылары орнатылды.

Жаңа өндіріс орны – Түркістан облысының индустриалды-инновациялық даму стратегиясының нақты жемісі. Бұл – импортты алмастыратын, экологиялық талаптарға сай, халықаралық стандарттарға негізделген заманауи өндіріс орны ғана емес, сонымен қатар инвесторлар сенімін арттыратын маңызды жоба.

Зауыттың жалпы аумағы – 5 565 шаршы метр. Өнім түрлері – RC Cola брендімен шығатын газдалған сусындар, ауыз су және өзге де алкогольсіз сусындар. Экспорт географиясы – Қазақстан мен Орталық Азия.

Фото: Түркістан Өңірлік Коммуникация Қызметі

Tags: Ауыз су мен алкогольсіз сусындар өндіруинвестиция тартусу кәсіпорынсусын өндіру зауыты
Jasyn

Jasyn

Next Post
Әрбір ауылдың дамуы – ауданның дамуының кепілі

Әрбір ауылдың дамуы – ауданның дамуының кепілі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Сәуле Омарова АҚШ Қаржы министрлігіндегі жоғары лауазымнан бас тартты

Сәуле Омарова АҚШ Қаржы министрлігіндегі жоғары лауазымнан бас тартты

4 года ago
Қазақстандықтар Аяжан Еділованы өлтірген қылмыскерді өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап етуде

Қазақстандықтар Аяжан Еділованы өлтірген қылмыскерді өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап етуде

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In