• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Жасыл экономика

Меркінің электр энергиясын Тараздықтар да пайдалануда

by Jasyn
06/03/2024
in Жасыл экономика
0
Меркінің электр энергиясын Тараздықтар да пайдалануда
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Әлемді алаңдатып отырған мәселе – қоршаған ортаны ластанудан қорғау. Бұл тұрғыда қолға алынып жатқан «жасыл» экономика термині қоғамға сіңісіп те үлгерді. Қай кезеңде болмасын үнемдеу, ысырап етпеу береке бастауы саналады. Бұл ретте ел байлығын еселейміз десек, бірінші кезекте мемлекетіміздің табиғи ресурстарын тиімді пайдаланып, баламалы энергия көздеріне мән беруіміз қажет.

Елбасы-Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың басты назарындағы ел экономикасын дамыту жолындағы игі шаралардың бір бағыты «жасыл» экономиканы жолға қою болатын. Сондықтан да Елбасы елордамыз Нұр-Сұлтанда өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің тақырыбын «Болашақтың энергиясы» деп бекер таңдамаған. Осы арқылы энергияның қайта қалпына келетін көздерін, ресурстарды үнемдейтін технологияларды және қалдықтарды қайта өңдеуді кеңінен қолдануға негізделген «жасыл экономика» – орнықты дамудың жолы екенін көрсеткісі келген еді.
Бүгінде елімізде «жасыл экономиканы» дамытуға көбірек көңіл бөлінуде. Соның ішінде облысымыз – «жасыл экономиканы» дамытуды қолға алған өңірлердің бірі саналады. Жамбыл жерінде энергияның балама және қайта қалпына келетін көздерін пайдалану үлесінің жыл өткен сайын артқаны байқалады. Оны облысымыз бен ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстарға қарап отырып-ақ байқауға болады.

Ауданымызда «Гидроэнергетическая компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты «Меркі ГЭС-1» және «Меркі ГЭС – 2» су электр стансалары электр энергиясын өндірумен айналысады. Жалпы серіктестікте 26 адам тұрақты жұмыс істейді. Олардың орташа жалақы табысы жүз мың теңгені құрайды.

Меркі су электр стансасының басшылығының айтуынша, «Меркі ГЭС -1» су электр стансасы 1956 жылы, ал «Меркі ГЭС-2» -і 1965 жылы Орта Азиялық Тәшкент институтының «Гидропроект» жобасы негізінде салынған болатын. Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезінде шетелдік инвесторлар алып, оның жұмысын он жылдай жүргізген. 2007 жылдан бастап «Гидроэнергетическая компания» ЖШС-і қарауына алып бұл су электр стансаларының жұмысын жолға қоя алды. Бірінші стансаның қуаттылығы 0,62 МВт, ал екіншісінікі — 1,2 МВт-ты құрайды. Қос су электр стансалары заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған.

Бүгінгі таңда орталық электр трату желісі арқылы стансаның өндірген қуатын облысымыздың 125 абоненті пайдаланып, игілігін көруде. Оның ішінде 72 заңды тұлға, 53 жеке тұлға бар. Жамбыл электр стансасының тарифтерімен салыстырғанда «Гидроэнергетическая компания» ЖШС-ң тарифі төмен. Бүгінгі таңда электр энергияны Тараз қаласындағы заңды тұлғалар да пайдалануда.

Jasyn

Jasyn

Next Post
«Жасыл ел» еңбек жасағы күшімен 20 тонна күл-қоқыс жиналған

«Жасыл ел» еңбек жасағы күшімен 20 тонна күл-қоқыс жиналған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

83 млн.теңге қолма-қол ақшаны көршілес елге алып кетудің жолы кесілді

83 млн.теңге қолма-қол ақшаны көршілес елге алып кетудің жолы кесілді

3 года ago
Алкоголь өнімін таңбалау тәртібі қалай өзгерді?

Алкоголь өнімін таңбалау тәртібі қалай өзгерді?

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In