Осы орайда мемлекет жастардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оларға қолдау жасап, қамқорлықты жақсартып келеді. Өйткені, жастар – болашағымыз. Қалай айтсақ та, жастарға қамқорлық – кемел келешек кепілі. Елдің ел болуы, оның болашағының баяндылығы жастардың қолында.
Жақында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Мен жастарға сенемін!» атты облыстық жастар форумы өтті. Басты мақсат – жастарды еңбексүйгіштікке баулу және кәсіби бағыт-бағдар бере отырып, олардың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру.
Форумға спикер ретіндеәкімінің орынбасары Е. Алтаев, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Ж. Темірбекова, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ректоры Ә. Шоқпаров, «Білім-инновация лицей-интернатының» директоры А.Мирманов қатысты.
Шараның басында сөз сөйлеген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев 2025 жыл — Президенттің бастамасымен Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланғанын атап өтті.
– Бүгін сіздермен кездесіп, ой бөлісу мүмкіндігі бұйырғанына қуаныштымын. Сіздер – еліміздің болашағы, мемлекеттік қызметтің жаңа толқыны, халқымыздың сенімін ақтайтын жаңа буынсыздар. Қазіргі заман талабына сай қызмет ету, жауапкершілік пен адалдық таныту – сіздердің басты міндеттеріңіз. Жас мемлекеттік қызметкерлер ретінде сіздер жаңа идеяларды ұсынушы, реформаларды жүзеге асырушы, және қоғамға өзгеріс әкелуші боласыздар. Заманауи технологиялар мен жаңа тәсілдерді меңгеріп, оларды өз қызметтеріңізде қолдану арқылы елімізді алға жетелей аласыздар. Мен сіздерді шынайы патриот болуға, елімізді дамыту жолында аянбай еңбек етуге шақырамын. Өздеріңіздің тың идеяларыңыз бен жігерлеріңіз арқылы Қазақстанның жарқын болашағын құру сіздердің қолдарыңызда, – деді Ертай Кенжебекұлы.
Жиынға өңіріміздің жас мемлекеттік қызметшілері, жоғарғы оқу орнын үздік бітіріп (GPA-3.33) мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданған жастар, облыстың өңірлік кадр резервіне қабылданған резервшілер, жоғары оқу орындарының студенттері және мектептердің жоғарғы сынып оқушылары жиналды.
Форум барысында спикерлер жастарға еңбек жолындағы тәжірибелерін бөлісіп, қазіргі таңда мемлекеттік қызметке кіру кезінде артық кедергілер мен тосқауылдарды жою, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Заңнамаларға енгізілген бірқатар өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат берілді.
Айта кетейік, Президенттің Жарлығына сәйкес, ҚР-ның мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітіліп, онда мектеп және жоғары оқу орындарын қамтитын ерте кәсіптік бағдарлау институын құру көзделген. Яғни, тұжырымдамаға сәйкес, мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқан бітіруші сынып оқушыларын мектеп қабырғасында жүрген кезден-ақ мемлекеттік қызметке дайындау жұмыстары жүргізілетіні айтылды.
Басқосу сұрақ-жауаппен жалғасып, ой-пікірлер тыңдалды. Жиын соңында департамент бастамасымен ашылған «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің тыңдаушыларына арнайы белгішелер табысталды.
Сондай-ақ, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен, Қазығұрт ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Жастар лигасы — 2024” атты робототехникадан облыстық турнир өтті. Сайысқа облысқа қарасты аудан, қалалардан келген 15 команда қатысты.
Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен, Қазығұрт ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Жастар лигасы — 2024” атты робототехникадан мектеп оқушылары арасында облыстық турнир басталды.
Сайыстың мақсаты — жастар арасында ғылым мен техникаға қызығушылықтарын арттыру, жастарға робот құрастыру, бағдарламалау, техникалық мәселелерді шешу сияқты дағдыларды үйренуге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру және шығармашылық ойлауды дамыту мен өңірдегі инновациялық бастамаларды қолдау.
Сайысты Қазығұрт ауданының әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, «Робототехника – бұл болашаққа апарар маңызды бағыттардың бірі. Қазығұрт ауданы жас буынның технологиялық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Жастардың инновациялық ойлауын дамыту, заманауи техникаларды меңгеруі – елдің тұрақты дамуының негізі. Сондықтан робототехника үйірмелерін қолдап, мектептерде осы салаға ерекше назар аударып, қажетті жағдай жасауды жалғастырамыз», – деді.
Бұл сайыс — өңір жастарының техникалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жастардың ғылым мен техникаға қызығушылығын арттыруға және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған. Турнирге қатысушылар роботтарды құрастыру, оларды бағдарламалау және түрлі тапсырмаларды орындау бойынша бақтарын сынайды. Сайысқа аудан, қаладан келген 15 команда қатысуда.
Турнирдің мақсаты — жастардың ғылым мен техникаға қызығушылығын арттыру, робот құрастыру, бағдарламалау және техникалық мәселелерді шешу дағдыларын дамыту, шығармашылық ойлауды қалыптастыру, өңірдегі инновациялық бастамаларды қолдау.
Сайысты Қазығұрт ауданының әкімі Исмаилов Азизхан Әзімханұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Аудан әкімі өз сөзінде, «Робототехника – бұл болашаққа апарар маңызды бағыттардың бірі. Қазығұрт ауданы жас буынның технологиялық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Біз мектептерде осы салаға назар аударып, жастардың шығармашылығын дамытуға барлық жағдай жасаймыз», – деді.
Турнир нәтижесі төмендегідей:
1-орын – “Қазығұрт” командасы (Қазығұрт ауданы), 300 000 теңге;
2-орын – “Болашақ” командасы (Қазығұрт ауданы), 200 000 теңге;
3-орын – “Төлеби Дарын” командасы (Төлеби ауданы), 100 000 теңге;
Бұл сайыс — өңір жастарының техникалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жастардың ғылым мен техникаға қызығушылығын арттыруға және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған.