• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Президенттік кадр резерві

«Мен мемлекеттік қызметті не үшін таңдаймын?»

Қоғамның дамуын ілгерілететін жетекші күш ұшқыр ойлы, бәсекеге қабілетті жастар екендігі белгілі. Сондықтан қоғам оларға үлкен үміт артады. Осыған орай, жас мамандар үшін іске асырылып жатқан тың жобалар олардың әлеуметтік жағдайын және сол арқылы қызметтегі тиімділігін одан әрі арттыруға ықпал етеді деген сенім бар.

by Jasyn
11/11/2024
in • Президенттік кадр резерві
0
«Мен мемлекеттік қызметті не үшін таңдаймын?»
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мәселесінің әлі де өзектілігін, үміткерді кызметке тағайындаған кезде оның кәсіби және моральдық қасиеттерін мұқият ескеру қажеттігін айтты. Бұл мемлекеттік қызметшілердің білімін ұштап, құзыреттерін үнемі жетілдірудің және басқарудың жоғары мәдениетін игерудің қашанда маңызды екенін көрсетеді. Жаңа формация басшысы үшін әділдік, ашықтық қағидаттарын ұстанудың, мемлекетшіл болудың және халыққа адал қызмет етудің маңызы зор.

Жақында Түркістанда «Жас мемлекеттік қызметшілер» мектебіне қатысушыларға іріктеу жүргізілді. Аталған мектептің тыңдаушысы атану үшін Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралақ қазақ-түрік университетінің 4 курс студенттері арасында іріктеу жұмыстары өтті.

Іріктеуге 30-дан астам студент қатысып, өздері туралы мәліметті ақпараттық тізімге енгізді. Сонымен бірге «Мен мемлекеттік қызметті не үшін таңдаймын?» тақырыбы аясында эссе жазды.

Ендігі кезекте жазылған эсселер қаралып, оң баға берілген студенттер «Жас мемлекеттік қызметшілер» мектебіне қабылданады.

Айта кету қажет, аталған мектептің мақсаты — білімді жастардың дағдыларын дамыту, мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері бойынша кәсіби бағыт-бағдар бере отырып, оларды мемлекеттік қызметке тарту.

Тағы бір айтары, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысы басшысы А. Наурызбаев Түркістан облысының Өңірлік кадр резервшілерімен кездесті.

Кездесуде департамент басшысы Түркістан облысының өңірлік резервіне қабылдану үшін еліміздің барлық өңірінен 600-ден аса адам ниет білдіріп, соның ішінен іріктеліп шыққан 30 кандидатты жеткен жеңістерімен құттықтады.

Өңірлік кадр резерві – мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес жас басқарушылардың аймақтық пулдарын қалыптастыру және дарынды жастарды өңірлерді дамытуға тарту екенін атап өтті.

Осы кездесуде Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің Басқарма басшысы Н. Амандық бүгінгі күні Өңірлік кадр резервінен өңірде тағайындалғандар бойынша ақпаратпен бөлісті. Олар Түлкібас ауданындағы мемлекеттік қызметші облыстық деңгейдегі лауазымға тағайындалғанын, екінші резервші мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданғанын айтты.

Осы орайда, Түркістан облысы әкімі аппаратының Персоналды басқару қызметінің басшысы Б. Ералиев облыстағы жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын, ендігі жерде бос лауазымдар бойынша резервшілердің біліктілігі сәйкес келетін лауазымдарды ұсыну жұмыстары жалғасатынын жеткізді.

Кездесу соңында, резервшілердің ой-пікірлері тыңдалып, талқыланды.

Тағы бір айтары, жақында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Л. Мырзараимова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында біліктілігін арттыру курсынан өтіп жатқан мемлекеттік қызметшілер үшін «Әдеп кодексі талаптарын сақтау туралы» семинар өткізді.

Кездесу барысында, қызметте де, қызметтен тыс уақытта да әдеп нормаларын қатаң сақтауды басты назарда ұстау керектігін жеткізді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер және қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну, қызметтік автокөлікті тек қызмет бабында пайдалану, тәртіптік жаза қолдану қағидалары тақырыбында баяндады.

Семинар барысында Әдеп кодексі бойынша кейстер талқыланып, мемлекеттік қызмет өткеру саласында сұрақтар қойылып, оларға жауаптар берілді.

Мемлекеттік қызметтегі жастар мемлекеттік басқарудың әр саласында біліктіліктеріне сай қызмет етуде. Соңғы жылдары мемлекеттік қызметтің сапалық құрамындағы жас мамандар үлесінің тұрақтылығы мемлекеттік аппараттағы кадрлар сабақтастығын көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет — жауапкершілігі мол міндет. Мемлекеттік қызметте жүрген әрбір адамның басты ұстанымы қарапайымдылық, әділдік пен адалдық болуға тиіс. Кәсібилік пен әдептілік оның тұтас имиджін көрсетеді. Міне, бұл орайда ел жастары мемлекеттік ызметте сенімді ақтайды деген сенім мол.

Жақында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңес мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау және мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша биылғы жылдың 9 айында атқарылған жұмыс нәтижелерін қарады.

Агенттік биылғы жылы мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. 9 ай ішінде ұйымдастырылған бақылау жұмыстарының нәтижесінде 15 мыңға жуық заң бұзушылықтар анықталып, оның қорытындысында заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 4221 мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Агенттік пен оның аумақтық департаменттері қашықтан немесе бару арқылы мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимін сақтауына жүйелі мониторинг және бақылау жұмыстарын жүзеге асырады. 9 ай мониторинг жұмыстарының нәтижесінде 2,3 мыңнан астам мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды, оның ішінде 2000-нан астамы қосымша демалыс сағаттарын алды, қалғандарына ақшалай өтемақы төленді және икемді жұмыс уақыты режимі белгіленді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күні 1862 мемлекеттік қызметші икемді жұмыс кестесін пайдаланып отыр (қашықтықтан — 71, аралас қашықтықтан — 6, икемді кесте режимінде – 1785).

Фото: Inbusiness.kz

 

 

Tags: «Жас мемлекеттік қызметшілер» мектебі• Президенттік кадр резервіжас мамандарМемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевТүркістан
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет

Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

11 сәуірден бастап Ресей, Қырғыз және Өзбекстанмен шекарада бүкіл шектеулер алынады

11 сәуірден бастап Ресей, Қырғыз және Өзбекстанмен шекарада бүкіл шектеулер алынады

3 года ago
Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлытаулықтардың әл-ауқаты жақсара түседі.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлытаулықтардың әл-ауқаты жақсара түседі.

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In