Боксшы бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Алла сақтасын, елімізде неше түрлі адамдар бар. Аудитория жинау үшін не істемейді? Мына сөз жалған ақпарат. Мен боксты қойған жоқпын», — деп жазды Сәкен Бибосынов Instagram желісіндегі парақшасында.
Естеріңізде болса Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасының ширек финалында өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовпен кездескен еді. 51 кг салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекте қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіліп қалған болатын.
Ал, 14 тамызда Мырзағали Айтжанов бастаған бапкерлік құрам толығымен қызметінен кетті. 16 тамызда Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.
Фото: Sputnik Казахстан