8-сәуір күнгі сот отырысында жәбірленуші жақтың адвокаттары Бишімбаевқа сұрақтар қойды.
— Сіз өз көрсетуіңізде 9-қараша күні балгерге телефон шалғаныңызды айтқан болатынсыз. Кім ол, сізге кім болып келеді, бұрыннан танисыз ба, қай қалада тұратынын білесіз бе? – деді сот процесінде адвокат.
— Ол балгер әйел Шымкентте тұрады. 1,5-2 жылдан бері танимын, бизнес бойынша жүгініп жүрдім, — деп жауап қатты Қуандық Бишімбаев.
— Ол балгердің медициналық білім бар ма?
— Ол жағы маған белгісіз. Бірақ мен оған сендім.
— Не үшін басқа қалада тұратын, медициналық білім бар-жоғы белгісіз адамға телефон шалдыңыз? Медициналық көмекке мұқтаж болып жатқан сіздің жұбайыңызға басқа қаладағы адам алыстан қалай көмек береді?
— Ол ұйықтап жатты. Менің түсінігімде ол ұйқыда болды. Балгерге бұған дейін өзімнің бизнесім туралы бірнеше хабарласқан болатынмын. Сондықтан балгерге сендім. Ол үнемі менің мәселеме сауатты жауап беретін.
— Нақты қандай мақсатта балгерге хабарластыңыз?
— Денедегі көк жарақат (синяк) үлкейе бастады. Оның қайдан пайда болғанын тіптен, түсіне алмадым. Сол жағында пайда болған. Мені қатты алаңдатты.
— Осындай жағдайды көріп тұрып сіз балгерге телефон шалдыңыз ба?
— Мен бұл көк жарақаттың (синяктің) қайдан болғанын білгім келді. Бұл қайда апаруы мүмкін? «Бәрі норма, ол қатты шаршаған, ішкені бар, кешке дейін ұйықтасын, демалсын» деді балгер.
— Шымкентте отырған балгер бұл сұрақтарға қалай жауап береді?
— Мен сізге айтып отырмын ғой, мен балгерге сендім деп…
Сот ары қарай жалғасып жатыр.