• RU
Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
JASYN
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Home Әлеумет

Мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға талап күшейеді — министр

бойынша Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға талап күшейеді — министр
0
Бөлісу
0
Қаралған
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекеттік тапсырысты бұрынғыдай білім басқармалары бөлмейді, ата-аналар таңдауы бойынша беріледі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа нормалардың негізгілерін атап көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірінші, тәрбиешілер мен басқа да педагогтердің біліктілігіне және біліміне қатысты талаптар енгізілді. Екінші, жұмыс істейтін тәрбиешілер бойынша үлгілік штат нормативін сақтау талабы енгізілді. Мысалы, бір мұғалім күні бойы 50 баламен жұмыс істей алатын тәжірибеден бас тарту, саны 25 аспауы тиіс», — деп жазады министр.

Сондай-ақ, бейнекамералар орнатылуы міндетті және балабақша ғимараттары мен үй-жайлары санитарлық нормаларға, өрт қауіпсіздігі талаптарына толық сәйкес болуы қажет. «Сонымен қатар, білім басқармаларына мемлекеттік тапсырыс орналастырылғанға дейін балабақшалардың жұмысымен және онда жасалған жағдайлармен танысу құқығы беріледі. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында мұндай мониторинг балабақшалар қауымдастығы және қоғам өкілдерінің қатысуымен ғана жүргізіледі», — дейді Асхат Аймағамбетов.

Тағы бір жаңалық – білім басқармалары балабақшаларға мемлекеттік тапсырыстарды бөлу мүмкіндігінен айырылады. Енді жалпы талаптарға сай келетін балабақшалардың тізімі әзірленіп, ата-аналар одан мекемені өздері таңдай алады.

«Демек, мемлекеттік тапсырыс ата-аналар таңдаған балабақшаларға жіберіледі. Follow the quality. Болжам бойынша, бұл бәсекелестікті арттырып, балабақшалардың сапасын жақсартады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады», — деп сенімділік білдіреді министр.

Сондай-ақ, ведомство басшысы жұмыс 4 негізгі бағыт бойынша жүретінін жеткізді. «Лицензиялауды қайтару. Жұмыс жағдайы мен сапасын тексеріп, барлық балабақшаны аттестациядан өткізу. Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін, колледждер мен ЖОО-ларда мамандарды даярлау сапасын арттыру. Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі бойынша бағдарламалардың мазмұнын жаңарту», — деп түйіндейді Асхат Аймағамбетов.

Бұған дейін жекеменшік балабақшалардың 80% мемлекеттік аттестациядан өте алмағаны хабарланған болатын.

 

Jasyn

Jasyn

Келесі пост
Қазақстанда 2025 жылға дейін 19 СЭС салынады

Қазақстанда 2025 жылға дейін 19 СЭС салынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАН КЕЛГЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ АТА-АНАСЫ АСТАНА МЕКТЕБІНДЕГІ БІЛІМ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАН КЕЛГЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ АТА-АНАСЫ АСТАНА МЕКТЕБІНДЕГІ БІЛІМ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

3 года бұрын
Жас жазушы Аягүл Мантай көз жұмды

Жас жазушы Аягүл Мантай көз жұмды

5 года бұрын

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көру
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In