Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы У.Халмурадовтың айтуынша, жергілікті және республикалық бюджетке түсімдер жоспарға сәйкес түсуде. Дегенмен аудан әкімі қосымша кіріс көздерін анықтау, салық тәртібін күшейту және берешектерді өндіру бағытындағы жұмыстардың әлі де жеткілікті деңгейде жүргізілмей отырғанына назар аударып, бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін атап өтті.
Жиын қорытындысында аудан басшысы тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне салық түсімдерін ұлғайту, қосымша кіріс көздерін тиімді пайдалану және берешек қарыздарды толық өндіріп алу бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.
Жалпы алғанда ауданның 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері тұрақты өсіммен орындалып отыр. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдері, құрылыс жұмыстары және сауда көлемі белгіленген жоспардан жоғары деңгейде орындалған. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Айтекееваның айтуынша, 81 индикатордың басым бөлігі жылдық жоспардан алда келе жатыр.
Аудан әкімі Арман Сабитұлы тиісті бөлімдерге индикаторлық көрсеткіштердің мерзімінде және сапалы орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды. Жауапты басшылар жоспарланған жұмыстарды жүйелі атқарып, нақты деректерді уақытылы тапсыруға міндеттелді.
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Айтекееваның айтуына қарағанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 30,5 миллиард теңгені құрап, өңдеу өнеркәсібіндегі өсім қарқыны сақталған. Сауда айналымы да алдыңғы жылмен салыстырғанда артып, 42 миллиард теңгеге жеткенін атап өтілді.
Мәжілісте аудан басшысы А.Сабитов бюджет қаражатын тиімді және мақсатты игеру бағытындағы жұмыстарды пысықтады. Сонымен қатар, жауапты бөлім басшыларына салалық индикаторлардың толық әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді.
Осы бағыттағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде халықтың өмір сүру сапасын арттырып, аудан экономикасының тұрақты дамуына жол ашпақ.
Тағы бір айтары, аудан әкімі Арман Сабитовтың төрағалығымен мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша жұмыс жиыны өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандар қатысты.
Жиында аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бейсембаев Баймырза баяндама жасап, мемлекеттік сатып алу аясында жол жөндеу және көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. Ол бірқатар жобаларда конкурс рәсімдерінің кешігуі мен құжат дайындау барысында кездескен мәселелерге тоқталды.
Аудан басшысы Арман Сабитов мемлекеттік сатып алулардың заң талаптарына сай, ашық әрі тиімді жүргізілуі керектігін атап өтті. “Барлық елді мекен біркелкі даму керек”, – деді әкім. Сонымен қатар, орын алған кемшіліктер үшін тиісті бөлімдерге қатаң ескерту беріп, нақты тапсырмалар жүктеді.
Сондай-ақ Сайрам ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «21 ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум өткізілді.
Форум аясында аудан тұрғындарына қаржы саласындағы қауіптер мен қазіргі заманда жиі кездесетін қаржылық пирамидалар, заңсыз инвестициялық жобалар, дроптар және олардың салдары туралы кең көлемде ақпарат беріледі.
Форумға аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев, Д.Конаев атындағы аграрлық-техникалық колледжі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Абдусаметов сөз сөйлеп, халықтың қаржылық қауіпсіздігі, құқықтық сауаттылығы және цифрлық ортадағы қауіптер туралы өзекті мәліметтермен бөлісті.
Сонымен қатар, форум аясында қатысушыларға тақырыптық брошюралар таратылып, өзекті мәселенің маңыздылығын арттыра түсті.
Фото: inAlmaty.kz