• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Мемлекеттік қызметшілер – мемлекет және халық сенім білдірген тұлғалар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек. Ол үшін жастарды олардың өмірін жақсартуға, мансабы бойынша жоғарылауға арналған әлеуметтік лифттер іс жүзінде жұмыс істеуі керек» деп айтқан болатын.

by Jasyn
24/10/2024
in Қоғам
0
Мемлекеттік қызметшілер – мемлекет және халық сенім білдірген тұлғалар
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Осы орайда, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес енгізілген өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік грантпен оқу орындарын үздік аяқтаған түлектер уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес (GPA 3.33-тен жоғары) оқу нәтижесімен оқуын бітіргеннен кейін бір жыл ішінде аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылдана алады.

Бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, жас мамандардың аудан мен ауылдық аймақтарға оралуына, сонымен қатар өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізіп, мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдетеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кірген кезде халыққа адал және кәсіби қызмет етуге ант беруі міндетті. 

2024 жылдың 24-қазанында Республика күні ұлттық мерекесін мерекелеу қарсаңында Достық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-салық агенті Маңғыстауова Айгерім Халбайқызы және Жаңажол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-жер инспекторы Сәбденов Хамит Берікұлы ант беру рәсіміне қатысып, жұмысқа жаңадан кірген жас мемлекеттік қызметшілер отанға, еліне және қызметіне деген адалдығын білдірді. 

Жас мемлекеттік қызметшілер ел мен мемлекет алдындағы үлкен жауапкершілікті сезінетіндерін, Президенттің сарабдал саясатын іске асыру барысында адал еңбегі мен терең білімі ғана сәттілік кілті болатындығын, елге адал қызмет етуге, кәсіби қызметіне күш-жігерін аямай жұмсауға, білімі мен тәжірибесін ұштастыруға ант берді. 

Жалпы алғанда бүгінде республика бойынша 200-ден астам түлек аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі және басшылық емес лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылданса, оның 25-ке жуығы Түркістан облысына тиесілі.

Олар, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық инспекциясы, Санитариялық-эпидемиолгиялық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Сауран ауданының білім бөлімі, Бәйдібек, Түлкібас, Ордабасы, Сауран, Сайрам, Отырар, Қазығұрт, Төлеби, Жетісай, Келес, Мақтаарал аудандары мен Кентау қаласындағы  жергілікті атқарушы органдардың төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қабылданды.

Бұл ретте, мемлекеттік қызметшілер – мемлекеттік саясатты қалтқысыз жүзеге асыратын, мемлекет және халық тарапынан сенім білдірілген, заңмен үлкен жауапкершілік артылған тұлғалар. Сондықтан да әрбір мемлекеттік қызметші мінсіз қызметімен, жұмысындағы жақсы көрсеткіштерімен көрінуі тиіс. Өйткені, мемлекеттік қызметші жай қызметкер емес, ол – қоғам мен билік арасындағы алтын көпір, оның басты ұстанымы – өз қамы емес, елдің қамы, мемлекет мүддесі, өзі қызмет атқаратын мекемесінің абыройы болуы қажет. Мемлекеттік қызметтің мәртебелі міндет екенін әр мемлекеттік қызметші көкейінде ұстаған абзал.

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Президент Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі міндеттері және оларды жүзеге асыру жоспарлары мемлекеттік қызметті адамға бағдарланған және сервистік сипатта ілгерілетуді, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруді, адам ресустарын басқару процестерін цифрландыруды қамтитынын айтады.

Сондай-ақ, Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметте инновациялық HR құралдарын, сатылас мансаптық ілгерілету тетіктерін енгізу, мектеп және жоғары оқу орындары деңгейінде ерте кәсіптік бағдарлауды қолға алу, жауапты лауазымдарға ротацияны кеңейту, мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік кепілдіктерді жақсарту қарастырылатынын жеткізді.

«Мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа тұжырымдамасы «Ең алдымен адамдар» қағидасы негізінде мемлекеттік қызметті заман талабына сай жетілдіруге бағытталып отыр. Мемлекеттік қызмет әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру ғана емес, ол ең алдымен мемлекеттік қызметшінің қоғам алдында жауапкершілікті сезініп, заң мен тәртіпке бағына отырып қызмет етуі», — дейді Дархан Жазықбай.

Жақында Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында саяси мемлекеттік қызметшілерге арналған «Жаңа формация басшысы» оқу бағдарламасының кезекті курсы ашылды.

Бағдарламаның мақсаты – саяси мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық құзыреттерін шыңдау және ұйымдастырушылық дағдыларын жетілдіру.

«Мемлекет басшысы биылғы жолдауында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мәселесінің әлі де өзектілігін, үміткерді кызметке тағайындаған кезде оның кәсіби және моральдық қасиеттерін мұқият ескеру қажеттігін айтты. Бұл мемлекеттік қызметшілердің білімін ұштап, құзыреттерін үнемі жетілдірудің және басқарудың жоғары мәдениетін игерудің қашанда  маңызды екенін көрсетеді», — деді Агенттік төрағасы.

Дархан Жазықбай жаңа формация басшысы үшін әділдік, ашықтық қағидаттарын ұстанудың, мемлекетшіл болудың және халыққа адал қызмет етудің маңыздылығын айтады.

Бағдарлама аясында коммуникация, экономикалық және стратегиялық жоспарлау, адам ресурстарын басқару, көшбасшылық, инфрақұрылымды басқару сынды бес модуль бойынша оқыту жоспарланған.

Tags: Жаңажолқызметшілерреспублика күні
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбылда бір күннің ішінде 2500-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Жамбылда бір күннің ішінде 2500-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

3,3 триллион теңге бөлінсе де нәтиже жоқ

3,3 триллион теңге бөлінсе де нәтиже жоқ

9 месяцев ago
Тараздық  полицейлер коммуналдық төлем түбіртегі  арқылы интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде

Тараздық полицейлер коммуналдық төлем түбіртегі арқылы интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In