Талдау нәтижесінде Сәтбаев қаласы әкімдігінің бас маманы «1XBET» және «OLIMPBET» букмекерлік кеңселерінің ресми мәліметтеріне сәйкес, ол жалпы сомасы 16 миллион теңгеге жуық мөлшерде құмар ойындарына қатысқан.
Покурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметші қызметінен босатылды.
Бұл жалғыз мұндай жағдай емес. Батыс Қазақстан облысында облыстық прокуратураның тексеруінен кейін 16 шенеунік қызметінен айырылды. Олар букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойын ойнап жүрген жерінен де ұсталған.
Фото: Silknews