• RU
Четверг, 9 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Мемлекеттік қызмет: жалынды және жауапкершілігі мол жастар керек

by Jasyn
28/10/2024
in • Жастар саясаты
0
Мемлекеттік қызмет: жалынды және жауапкершілігі мол жастар керек
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Республикада 200-ден астам түлек аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі және басшылық емес лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылданса, оның 25-ке жуығы Түркістан облысына тиесілі.

Олар, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық инспекциясы, Санитариялық-эпидемиолгиялық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Сауран ауданының білім бөлімі, Бәйдібек, Түлкібас, Ордабасы, Сауран, Сайрам, Отырар, Қазығұрт, Төлеби, Жетісай, Келес, Мақтаарал аудандары мен Кентау қаласындағы  жергілікті атқарушы органдардың төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қабылданды.

Мемлекеттік қызметшілер – мемлекеттік саясатты қалтқысыз жүзеге асыратын, мемлекет және халық тарапынан сенім білдірілген, заңмен үлкен жауапкершілік артылған тұлғалар. Сондықтан да әрбір мемлекеттік қызметші мінсіз қызметімен, жұмысындағы жақсы көрсеткіштерімен көрінуі тиіс. Өйткені, мемлекеттік қызметші жай қызметкер емес, ол – қоғам мен билік арасындағы алтын көпір, оның басты ұстанымы – өз қамы емес, елдің қамы, мемлекет мүддесі, өзі қызмет атқаратын мекемесінің абыройы болуы қажет. Мемлекеттік қызметтің мәртебелі міндет екенін әр мемлекеттік қызметші көкейінде ұстаған абзал.

Осы орайда мемлекеттік қызметке жалынды, біліктілігі жоғары, жауапкершілігі мол, ел игілігі жолында қызмет жасаудан аянбайтын жастар керек. 

«Мемлекет басшысы биылғы жолдауында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мәселесінің әлі де өзектілігін, үміткерді кызметке тағайындаған кезде оның кәсіби және моральдық қасиеттерін мұқият ескеру қажеттігін айтты. Бұл мемлекеттік қызметшілердің білімін ұштап, құзыреттерін үнемі жетілдірудің және басқарудың жоғары мәдениетін игерудің қашанда маңызды екенін көрсетеді», — деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай.

Иә, қашанда әділдік, ашықтық қағидаттарын ұстанудың, мемлекетшіл болудың және халыққа адал қызмет етудің маңызы зор.

Жақында Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округінің Сәтпаев елді мекенінің мәдениет және спорт кешенінде өткен «25 қазан – Республика күні» Ұлттық мерекесіне арналған салтанатты іс-шарада мемлекеттік қызметке алғаш кірген мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өтті.

Мемлекеттік қызметке алғаш кірген мемлекеттік әкімшілік қызметшілер Жылы су ауылдық округі әкімі аппаратының мәдениет және әлеуметтік саласы бойынша бас маманы Мұсан Сымбат Ержанқызы (ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Мемекеттік қызмет туралы» Заңының 15-бабы 6-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасқан) және ауданның кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Жаңбырбай Ақжол Аманжолұлы Қазақстан Республикасы халқының игілігі үшін адал және кәсіби қызмет етуге ант берді.

Сондай-ақ, Келес ауданында да ант қабылдау және мемлекеттік қызметшілерді марапаттау рәсімі өтті. Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Сариев Даурен Нурланұлы мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген мемлекеттік қызметшілерін құттықтап, еліміздің даму жолындағы еңбектеріне табыс тіледі. 

«Ант қабылдау арқылы сіз халыққа қызмет етуге және мемлекетіміздің мүддесін қорғауға бағытталған маңызды міндеттерді қабылдайсыз. Сіздер маңызы зор мемлекеттік органдардың біріне қызметке тұрдыңыз, жергілікті атқарушы орган мемлекет дамуында шешуші рөл атқарады. Мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге, халықтың тұрақты дамуына және өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі. Сіздерге қызметтің табысты болуын тілеймін,» — деді Даурен Нұрланұлы. 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Д. Жазықбай Түркістан қаласында өткен Әдеп жөніндегі уәкілдердің республикалық форумында «Антқа адалдықтың терең мазмұнын ұмытпау қажет. Әрбір мемлекеттік қызметші ант қабылданғанда адал әділ және өз міндеттерін мінсіз орындауға уәде береді. Ант қоғамға адал қызмет ету, ел мүддесін қорғау және жоғары моральдық құндылыққа сәйкес әрекет ету міндетін жүктейді» — деп атап өткен болатын.

Салтанатты шара соңында мемлекеттік қызметшілерге алғыс хаттар табысталды. Ал ант қабылдаған қызметшілер өздеріне артылған үмітті ақтауға, берген сертке берік болатындарын жеткізді. 

Сондай-ақ, Шардара ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік қызметке алғаш кірген аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Д.Сағынбек, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы М.Акбар және Шардара қаласы әкімі аппаратының бас маманы Е.Құрманбек ант қабылдады.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Бердешов мемлекеттік қызметке жаңадан кірген жас мамандардың міндеттемелері бойынша сөз қозғап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Мақтаарал ауданы Достық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-салық агенті Маңғыстауова Айгерім Халбайқызы және Жаңажол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-жер инспекторы Сәбденов Хамит Берікұлы да ант беру рәсіміне қатысып, жұмысқа жаңадан кірген жас мемлекеттік қызметшілер отанға, еліне және қызметіне деген адалдығын білдірді. 

Жас мемлекеттік қызметшілер ел мен мемлекет алдындағы үлкен жауапкершілікті сезінетіндерін, Президенттің сарабдал саясатын іске асыру барысында адал еңбегі мен терең білімі ғана сәттілік кілті болатындығын, елге адал қызмет етуге, кәсіби қызметіне күш-жігерін аямай жұмсауға, білімі мен тәжірибесін ұштастыруға ант берді. 

Созақ аудан әкімі аппаратында да мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметшінің салтанатты ант беру рәсімі өтті. 

Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды жас мемлекеттік қызметшілердің ант беруінің маңыздылығын, халық пен мемлекет алдындағы жауапкершілікті, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттеріне адал қарау қажеттілігін атап өтті.

Антты аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, сынақ мерзімінен сәтті өткен Данияр Абубәкірұлы қабылдады. Ол Қазақстан халқына адал және кәсіби қызмет етуге, Конституция мен елдің заңнамасын сақтауға ант берді.

Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Болатұлы жас мемлекеттік қызметшілерге қызмет барысында адалдықтан таймау, азаматтармен қарым-қатынаста мемлекеттік қызмет әдебін сақтау және сапалы қызмет көрсете білу қажеттігін айтты. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерді Ұлттық мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Фото: egemen.kz

Jasyn

Jasyn

Next Post
Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту – мемлекеттің міндеті

Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту – мемлекеттің міндеті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстан Халық партиясы еліміздің Конституциясына 5 түзету енгізу туралы бастама көтерді. Аталған түзетулерді бүгін Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біріншіден, жер, оның қойнауы мен байлығы Қазақстан халқына тиесілі. Біз әрбір қазақстандықтың жер мен пайдалы қазбаларды иеленудің, одан табыс алудың конституциялық құқығы үшін жердің, жер қойнауы мен байлығының халықтық меншігін бекітуді ұсынамыз. Екіншіден, мемлекет ерлер үшін 63 жастан, әйелдер үшін 58 жастан бастап зейнетке шығуға кепілдік береді. Біз негізгі әлеуметтік кепілдік ретінде Конституцияда азаматтардың зейнетке шығу жасын белгілеуді және бұл мәселеде алдағы бірнеше жылға нүкте қоюды ұсынамыз. Бұл ретте әйелдер үшін зейнет жасын арттыру шешімін түзетіп, оны 58 жасқа дейін төмендету қажет деп санаймыз», – деді партия төрағасы, Оның айтуынша, үшінші түзету– мемлекет жыл сайын зейнетақыны, шәкіртақыны және әлеуметтік жәрдемақыны өткен жылғы инфляциядан жоғары деңгейге индекстеуге міндеттенеді. Осы ретте Халық партиясы зейнетақыны, шәкіртақыны және бюджеттен төленетін барлық әлеуметтік төлемдерді жыл сайын міндетті түрде инфляция деңгейіне индекстеу туралы түзетуді ілгерілетеді. Бұл шығыстар басым сипатқа ие болуы керек және Үкіметтің шешімдеріне тәуелді болмауға тиіс. Төртінші, мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобаларын енгізу кезінде Үкіметтің оң қорытындысының болуы туралы норма алынып тасталуы қажет. «Бесінші – атқарушы биліктің Парламентке есептілігін бекіту. Атқарушы билікке парламенттік бақылауды күшейту қажет. Министрлер депутаттарға үнемі есеп беруі керек. Есеп бекітілмеген және сенімсіздік білдірілген жағдайда министрлер отставкаға кетуге тиіс», – деді Ермұхамет Ертісбаев.

4 года ago
Шуда тойды ертерек бастаған той иелеріне сыйлық беріледі

Шуда тойды ертерек бастаған той иелеріне сыйлық беріледі

11 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In