• RU
Понедельник, 19 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Мемлекеттік қолдаудың тиімділігі әлі де күмән тудырады

Қазақстанда қазіргі уақытта шағын және орта бизнесті қолдаудың 106 мемлекеттік қолдау шарасы жүзеге асуда, оның 62-сі қаржылық, ал 44-і қаржылық емес қолдау түрлеріне жатады. Бұл шараларға 9 орталық мемлекеттік орган мен 29 оператор әкімшілік етеді.

by Jasyn
26/03/2025
in Қоғам, Топ
0
Мемлекеттік қолдаудың тиімділігі әлі де күмән тудырады
0
SHARES
52
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Әрбір мемлекеттік орган өз құзыреті аясында бизнесті қолдаумен айналысады, алайда бұл салада бірыңғай үйлестіру жұмысы қалыптаспаған. Ешбір мемлекеттік орган барлық сала бойынша қолдау шараларының тетіктері мен шарттары туралы толық ақпаратқа қол жеткізе алмайды. Түрлі дереккөздерден алынған жалпылама мәліметтер олардың тиімділігін бағалауды қиындатады. Яғни, олардың тиімділігі әлі де күмән тудырады. Сенатор Ләззат Рысбекова өзінің депутаттық сауалында бизнесті қолдау жүйесінің тым бытыраңқы екенін атап өтті.

Депутаттың айтуынша, мемлекеттік органдар арасындағы үйлестірудің жоқтығы қаржы ресурсын тиімсіз пайдалануға әкеледі. Мысалы, 2025 жылы ішкі сауда субъектілерін қолдауға 5,3 млрд теңге бөлу жоспарланған, алайда қатаң бәсекелестік жағдайында мұндай шаралардың қаншалықты орынды екендігі сұрақ тудырады. Одан бөлек, Үкімет қаржылай қолдау шараларының тиімділігіне толық талдау жүргізген жоқ, бұл мәселе 2023 жылы көтерілгеніне қарамастан, тиісті бағалау әлі күнге дейін жасалмаған. Сенатордың айтуынша, іске асырылған бағдарламалардың нақты нәтижелерін түсінбей тұрып, олардың бизнеске қаншалықты пайда әкелетінін айту қиын.

«Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен мекемеаралық үйлестіру жұмыстарына жауапты негізгі орган ретінде Ұлттық экономика министрлігін белгілеу керек. Бизнесті мемлекеттік қолдау туралы барлық ақпарат бірыңғай орталықта шоғырланып, кейіннен оның тиімділігін мониторингтеу, талдау және бағалау жүргізілуі тиіс. Осы негізде Үкімет қолдау шараларының орындылығы туралы салмақты шешімдер қабылдауы қажет. Сондай-ақ елімізде орта бизнеске арналған мемлекеттік қолдау шараларының іс жүзінде жоқ екенін атап өткен жөн. Жалпы, шағын және орта бизнесті қолдау кәсіпкерлік бастамалардың табиғи дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталуы тиіс. Егер жүйелі тәсіл қалыптасса, бизнес өз бетінше шағыннан орта деңгейге ауысып, бөлшектенуге мәжбүр болмайды», – деді сенатор Рысбекова.

Фото: Inbusiness.kz

 

Tags: Мемлекеттік қолдаусенатор РысбековаШағын және орта бизнесті қолдау
Jasyn

Jasyn

Next Post
Депутат күзде Тазы мен Төбет күнін мерекелеуді ұсынды

Депутат күзде Тазы мен Төбет күнін мерекелеуді ұсынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда халал өнімдері мен қызметтерін сертификаттау жөніндегі алғашқы аккредиттелген орган пайда болды

Қазақстанда халал өнімдері мен қызметтерін сертификаттау жөніндегі алғашқы аккредиттелген орган пайда болды

2 года ago
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР СТУДЕНТТЕР САНЫ 3 МЫҢҒА ДЕЙІН ЖЕТТІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР СТУДЕНТТЕР САНЫ 3 МЫҢҒА ДЕЙІН ЖЕТТІ

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In