Қазіргі уақытта жобаға 10 мыңнан астам такси жүргізушіні қатысуда.
Такси жүргізушілері үшін пилоттық жобаға қатысудың артықшылығы:
- такси парктерінің делдалдық қызметтерін алып тастау, бұл үнемделген ақшаны салық пен әлеуметтік төлемдерді төлеуге бағыттауға мүмкіндік береді. Осылайша такси жүргізушісі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тартылатын болады;
- жеке кәсіпкер ретінде тіркелу оңай, салық органдарына бармай-ақ, Яндекс платформасы арқылы тіркелуге болады;
- алынған табыстың 1% мөлшерінде жеке табыс салығын төлеу, ал қызметкердің табысынан салық 10% мөлшерінде ұсталады;
- салық есептілігін ұсыну және салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеудің қажеті жоқ, жүргізушінің келісімі бойынша салықтар мен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалу мен аударуды Яндекс жүргізетін болады.
Сондай-ақ, Glovo, Wolt, InDrive және басқа да осы сияқты компанияларды пилоттық жобаға қатыстыру жоспарлануда.