• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Саясат

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин «Екінші республика» ұғымының мағынасын түсіндірді

by Jasyn
06/03/2024
in Саясат
0
Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин «Екінші республика» ұғымының мағынасын түсіндірді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Екінші республика» туралы пікірін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Президент Алматы тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап, өз сөзінде «Екінші республика» деген жаңа анықтаманы қолданды. Осыған байланысты кейбір сарапшылар бұл ұғым қандай мағына білдіретінін және оның бұрын айтылған «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасына қандай қатысы бар екенін білгісі келеді. Шын мәнінде, бұл екі идеологеманың мәні бір, тек акцент әртүрлң қойылады», — деп жазды Қарин Telegram-да.

Оның айтуынша, Жаңа Қазақстан — еліміздің болашағының бейнесі.

«Ең алдымен, әңгіме қоғамдық құндылықтарды жаңарту және ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру туралы болып отыр. Тиісінше, бұл қаңтар оқиғаларынан кейін немесе Жолдаудан кейін бірден жаңа Қазақстанда өмір сүре бастадық дегенді білдірмейді. Президент «Жаңа Қазақстан» концептін ұсынып, ұлттық құрылыстың жаңа мақсатын белгіледі. Жаңа Қазақстанды бір сәтте, бір түнде құру мүмкін емес. Бұл — қоғамдық қайта құрудың терең әрі ұзақ процесі», — деді ол.

Мемлекеттік хатшы Президент Жолдауында саяси реформалардың жаңа басымдықтарын жариялағаннан кейін көпшілікке билік институттары арасында түбегейлі жаңа конституциялық тепе-теңдік қалыптасатыны түсінікті болғанын айтты.

«Біріншіден, бұл оның супер-президенттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік республикаға көшу туралы бастамасына қатысты болып отыр. Мемлекет басшысының осы Жолдауын іске асыру шеңберінде Конституцияның 30-дан аса бабына және 20 заңға өзгеріс енгізу көзделді. Бұл — өте ауқымды реформалар жоспары. Жоспарланған жаңалықтар саяси жүйенің бүкіл конфигурациясын айтарлықтай өзгертеді. Азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысын арттыруға, жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға баса назар аударылды», — деді ол.

Қарин мемлекеттік басқару моделінің өзгеруі туралы ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік және қоғамдық даму парадигмасының өзгерісі туралы да айтуға болатынын атап өтті. Президент бұл процесті нақты көрсету үшін «Екінші республика» анықтамасын қолданған.

«Екінші республика — жақында болатын әрі айқын мақсат. Өйткені Мемлекет басшысы ұсынған саяси реформаларды жүзеге асыру биылға жоспарланып отыр. Жаңа Қазақстан — қоғам мен ұлттың жаңаруы, ал Екінші республика — мемлекеттік модельдің жаңаруы», — деп түйіндеді мемлекеттік хатшы.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстан ТМД-дағы ең бақытты мемлекет атанды

Қазақстан ТМД-дағы ең бақытты мемлекет атанды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Нұрлан Ноғаев ақтаулықтармен кездесті

Нұрлан Ноғаев ақтаулықтармен кездесті

3 года ago
Жеңгем әжемнің жағасынан алып, әкемнің басына сорпа төге салды

Жеңгем әжемнің жағасынан алып, әкемнің басына сорпа төге салды

4 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In