• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Ақорда

Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевті қабылдады

Президентке өңірдің биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп берілді, - деп хабарлайды akorda.kz.

by Jasyn
14/08/2024
in Ақорда
0
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевті қабылдады
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, облыс экономикасы қарқынды өсіп келеді. Атап айтқанда, құрылыс саласында 12,3 пайыз, байланыста 8,5 пайыз, көлік бағытында 7,4 пайыз, аграрлық секторда 4 пайыз өсім бар. Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 2,3 пайызға (311 мың шаршы метр) артқан. Негізгі капиталға 196,3 миллиард теңге тартылған.

Өңірдің 2027 жылға дейінгі инвестициялық портфелінде жалпы құны 2,5 триллион теңгені құрайтын 70 жоба бар. Бұл 6,3 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Жыл соңына дейін 19 жаңа өндіріс орнын іске қосу жоспарланып отыр. Облыс экономикасындағы өңдеуші өнеркәсіп секторының үлесі 64,5 пайызға жетті. Бұл ретте шетелдік ірі компаниялармен келісім аясында жүзеге асып жатқан фосфор өнеркәсібінің рөлі айрықша. Бүгінде аймақ шаруалары егін жинау науқанына кірісіп кетті. Болжам бойынша биыл негізгі дақылдардың жалпы түсімі 2,1 миллион тоннаға жетеді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөнінде баяндалды. Нақты айтқанда, облыста 26 денсаулық сақтау, 41 білім беру мекемесінің құрылысы жүріп жатыр. Биыл 452 медициналық жабдық пен 38 санитарлық автокөлік сатып алу жоспарлануда. Жыл соңына дейін 19 мектеп пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 2 апатты, 4 үш ауысымды, 3 тозығы жеткен, сондай-ақ оқушы орны жетіспейтін 10 мектептің мәселесі шешіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы жылдың соңына дейін 37 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштер, саябақтар мен гүлзарлар, арналар мен арықтар тазартылып, 60 мыңға жуық көшет отырғызылды.

Кездесу соңыңда Президент облыс әкіміне өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамытуға және тұрғындардың табысын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Tags: Ербол ҚарашөкеевҚасым-Жомарт ТоқаевМемлекет басшысыМемлекет басшысының қабылдауы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевті қабылдады

БІР ЖЫЛДА АУДАНҒА БІР-АҚ МӘРТЕ БАРУ... Жамбыл облысы әкімдерінің тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Мүгедек әйелдің дәрменсіздігін пайдаланып пәтерін сатып жіберген

Мүгедек әйелдің дәрменсіздігін пайдаланып пәтерін сатып жіберген

6 месяцев ago
Дулат Исабековтің жары дүниеден өтті

Дулат Исабековтің жары дүниеден өтті

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In