Мемлекет басшысына Astana Finance Days халықаралық конференциясын өткізуге дайындық туралы баяндалды. Оның аясында бүгінгі экономикалық күн тәртібінің маңызды мәселелері, оның ішінде Еуразиялық кеңістіктің экономикалық байланысын қамтамасыз етудегі Қазақстанның жаңа рөлі талқыланады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметпен, Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен тығыз ынтымақтастықта ел экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.