• RU
Суббота, 5 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Мейірімді жастардың жақсылығы баршаға үлгі

«Мен еліміздің әрбір өңіріне волонтер болуға ниетті азаматтардың көп екеніне сенімдімін. Үкімет оларға қолдау көрсету үшін нақты шараларды қабылдайды. Біз оған зор мән береміз» деген болатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы. Жыл өткен сайын елімізде еріктілер санының күн санап артып келе жатқаны көңіл қуантады. Нәтижесінде ел игілігі үшін республика көлемінде жүйелі жұмыстар атқарылып, өз нәтижесін бере бастады.

by Jasyn
27/11/2024
in • Жастар саясаты
0
Мейірімді жастардың жақсылығы баршаға үлгі
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жақында Түркістан қаласының ерікті жастары қала тұрғындарына кофе таратты. Бұл іс-шараның мақсаты – тұрғындардың көңілін көтеріп, оларға жылы лебіз білдіру болды. Бұл акцияға қатысқан ерікті жастар адамдарға мейірімділік пен қолдау көрсету арқылы қоғамдағы әлеуметтік байланыстарды нығайтуға өз үлестерін қосты. Мұндай шаралар жастардың өзара ынтымақтастығын арттырып, қоғамда жақсы дәстүрлер мен қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ал, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен және Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Бар мейірімділік балаларға» атты экскурсия өтті. Шараға облыстың 17 аудан, қаласынан келген 8-14 жас аралығындағы 60-қа жуық бала қатысып, Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени нысандармен танысты.

Іс-шараны Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары Есқұлов Пердебек Сержанұлы ашып, балаларға ізгі тілегін білдірді.

“Біздің міндетіміз – балаларымызға рухани тәрбие беріп, олардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру. Бүгінгі шара балалардың көкейінде еліміздің бай тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылықтарын тудырып, оларға жаңа серпін береді деп сенемін. Біздің болашағымыз – балаларымыз, ал олардың бақытты әрі саналы азамат болып өсуі бәріміз үшін маңызды.” — деді.

Іс шара бағдарламасына сәйкес, психолог мамандар балаларға семинар-тренинг өтті. Тренингтен кейін іс-шара Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жалғасты. Балалар ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген бұл тарихи орынның мән-маңызымен, ұлы тұлғалардың өмір жолымен танысты.

Сонымен қатар, Түркістан қаласының тағы бір ерекше мәдени мекені – “Farab library” әмбебап ғылыми кітапханасында болды. Кітапханадағы экскурсиядан кейін балалар “Керуен Сарай” туристік кешенін аралады.

Экскурсиядан соң балалар “Арбат” дәмханасында түстеніп, кейін «Ұлы Дала Елі» орталығындағы мұражай экспозицияларымен танысты. Мұражайда олар қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен дәстүрлері туралы терең мағлұмат алды.

Іс-шараның соңында балаларға “Kinopark 4 Khanshaiym Plaza” кинотеатрында жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайтын мультфильм көрсетілді.

Бұл шара балалардың рухани білімін кеңейтіп, тарихи-мәдени мұраларға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Осындай игі бастамалар қоғамдағы ізгілік пен мейірімділікті дәріптейді.

Сондай-ақ, Түркістан қаласы Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі маманы М.Қайқыбаева № 21 М.Пошанов атындағы жалпы орта мектебінің бітіруші түлектеріне мемлекеттік бағдарламалар бойынша үгіт насихат жүргізді.

Әрбір мектеп бітіруші түлек – еліміздің болашағы! Қазіргі уақытта мемлекет жастардың сапалы білім алуына, өз мамандығын дұрыс таңдауына және жұмысқа орналасуына үлкен көңіл бөлуде. Осы мақсатта мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, жүзеге асырылып келеді.

Ең алдымен білім гранттары туралы айтсақ, жыл сайын Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарында білім алу үшін мемлекеттік гранттар бөлінеді. Бұл гранттар арқылы жастар тегін білім алып, білікті маман болуға мүмкіндік алады.

“Серпін” бағдарламасы: Бұл бағдарлама арқылы еліміздің кейбір аймақтарына, әсіресе маман тапшылығы байқалатын өңірлерге жастарды тарту көзделген. Бұл бағдарлама аясында оқып, кейін сол аймақта жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, “Жастар практикасы” бағдарламасы: Мектеп бітірушілер мен жаңа мамандар өз саласында тәжірибе жинақтау үшін жұмыс орындарына бағытталады. Бұл бағдарлама еңбек нарығында қажетті тәжірибе алуға көмектеседі.

Және “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасы: Ауылдық жерлерде білім беру, медицина және басқа да салаларда жұмыс істегісі келетін жастарға қолдау көрсетіледі. Бағдарлама аясында үй алу үшін жеңілдетілген несиелер мен көмек ұсынылады.

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы сіз өз болашағыңызды бүгіннен бастап құра аласыз. Ел болашағы сіздерге байланысты, сондықтан мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді пайдаланып, кәсіби маман болуға қадам жасаңыздар.

Түркістан қаласында жастардың бос уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізу мақсатында караоке шарасы ұйымдастырылды. Бұл іс-шара жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, көңіл күйін көтеру және өзара әлеуметтік байланыстарын нығайтуға мүмкіндік берді. Қатысушылар сүйікті әндерін орындап, топ болып ән айту арқылы стресстен арылып, бір-бірімен жақынырақ танысты. Караоке жастарға өз дауыстарын дамытуға, өздерін сахнада сынауға және көңілді уақыт өткізуге мүмкіндік берді. Мұндай шаралар жастардың уақытын тиімді өткізуге әрі олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына ықпал етеді.

Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген.

Ал, Түркістан қаласының ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ ұйымдастыруымен Түркістан Жоғары Көпсалалы қолөнер колледжінде жасөспірім қыздардың бойындағы рухани қасиеттірді дамыту, оларды ұлттық құндылықтарға баулу және ерте жүктіліктің, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу мақсатында “Қыз тәрбиесі — ұлт тәрбиесі” тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті.

Жиналыста Түркістан қаласының “Құрметті азаматы”, тарих ғылымдарының кандидаты, ұлағатты ұстаз Баян Адырбекқызы қыз тәрбиесі, қыз тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар, отбасы мүшелерінің қыз баламен қарым-қатынасы жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, ДанияМед клиникасының гинекологы Кушкарова Айгерим ерте жүктіліктің адам ағзасына әсері және оның салдары жайлы баяндады, Талғат емханасының психологы Шырын Мырзакелдіқызы ерте жүктіліктің мүмкін болу себептері және жеке тұлғаның шекарасы, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын-алу жайында сөз қозғады.

Сонымен қатар жиналысқа психолог Ақбота Маратызы, колледж психологы Индира Камысбаева және әлеуметтік педагог Батырбекова Гулжан қатысты.

Тағы бір айтары, Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында барлық өңірлерде тазалық іс шаралары ұйымдастырылуда. Осы ретте Түркістан қаласының Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары Тауке хан көшесінің бойында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Фото: Түркістан облыстық әкімдігі

 

Tags: «Бар мейірімділік балаларға»Мейірімді жастарТүркістанЭкскурсия
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қант қызылшасы: Жамбылдық шаруалардың алаңдауына негіз бар ма?

Қант қызылшасы: Жамбылдық шаруалардың алаңдауына негіз бар ма?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

СЕМЕЙ АУМАҒЫНДА АБАЙ ОБЛЫСЫН ҚҰРУДЫ ҰСЫНАМЫН-ПРЕЗИДЕНТ

СЕМЕЙ АУМАҒЫНДА АБАЙ ОБЛЫСЫН ҚҰРУДЫ ҰСЫНАМЫН-ПРЕЗИДЕНТ

3 года ago
Алматыда ҚазҰУ-ның жерлерін заңсыз басып алып, құрылыс жүргізгісі келгені жайлы белгілі болды

Алматыда ҚазҰУ-ның жерлерін заңсыз басып алып, құрылыс жүргізгісі келгені жайлы белгілі болды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In