• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Медицина

Медициналық сақтандыру қорына түскен шағымдар шамамен 2 есеге артқан

by Jasyn
06/03/2024
in Медицина
0
Медициналық сақтандыру қорына түскен шағымдар шамамен 2 есеге артқан
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Еліміздің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түрлі байланыс арналары арқылы 208,5 мың өтініш келіп түскен, оның 5,5 мыңнан астамы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне байланысты шағымдар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қордың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы таратқан мәліметке қарағанда, шағымдар былтырғымен салыстырғанда шамамен 2 есеге көп түсуде. Күн сайын бұл мекеме 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, fms.kz ресми сайты және telegram-дағы @SaqtandyrýBot ресми байланыс арналары арқылы өтініштерді қабылдайды.

«Талдау көрсеткендей, ең сұранысы жоғары байланыс тәсілі — 1406 байланыс орталығы – өтініштердің 83 %-ы осы қысқа нөмір арқылы түскен. Екінші орында – Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы. Қорға көбінесе Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақтөбе, Ақмола облыстарының тұрғындары жүгінеді. Өтініштердің негізгі бөлігі консультативтік сипатта болады. Өтініш берушілердің дені жарналар мен аударымдарды қалай төлеу керектігін, МӘМС бойынша медициналық көмекті алу үшін қандай кезеңдерде төлем жүргізу керектігін сұрайды», – дейді қордың заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жасау департаментінің директоры Забира Оразалиева.

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Клиенттермен қарым-қатынасты басқару» жүйесіне 1891 өтініш түскен. Мұның 1-желісі арқылы түскен 829 өтініштің 764-і «жұмыс істемейтін жүкті әйелдер» және «орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар» санатындағы жеңілдігі бар азаматтардан уақытша мәртебе беру туралы түскен өтінімдер. Бұдан басқа «ШОБ үшін сақтандыру мәртебесін түзетуге» 65 өтінім түсіп, өңделді.

Қор өкілдері атап өткендей, бірінші тоқсанда 5,5 мың шағым түскен. Пациенттер медициналық көмектің сапасыз көрсетілуіне немесе одан бас тартылуына, консультациялық-диагностикалық қызметтерді ұзақ күтуіне, тар бейінді мамандарға жазбаның болмауына шағымданған.

«Шағымдардың негізгі себептері – тағайындалған еммен, қойылған диагнозбен келіспеу, дәрігердің медициналық қызметтерге жолдама беруден бас тартуы, бейінді дәрігердің консультациясын немесе диагностикалық тексеруді күту, өңірде қажетті мамандардың болмауы. Қор әр шағым бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізуде. Біз пациенттерді өз құқықтарын білуге және құқықтары бұзылса, жағдайды сол жерде шешу үшін алдымен медициналық ұйымның өзінде Пациенттерге қолдау көрсету қызметіне жүгінуге шақырамыз. Бұл қызметтер барлық емханалар мен ауруханаларда бар. Егер мәселені сол жерде шешу мүмкін болмаса, қорға жүгіну қажет», – деп атап өтті Забира Оразалиева.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Наурыз айында 11 мыңға тарта ресейлік азамат Қазақстан ЖСН-ін алды

Наурыз айында 11 мыңға тарта ресейлік азамат Қазақстан ЖСН-ін алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Елімізде әлеуметтік желіде қисық сөйлеп, өзгенің жеке басына тіл тигізгендерді түрмеге қамау ұсынылды

Елімізде әлеуметтік желіде қисық сөйлеп, өзгенің жеке басына тіл тигізгендерді түрмеге қамау ұсынылды

4 года ago
Жамбылда  өз еркімен үйден кеткен 200-ден астам кәмелетке толмағандар  ата-аналарына қайтарылды

Жамбылда өз еркімен үйден кеткен 200-ден астам кәмелетке толмағандар ата-аналарына қайтарылды

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In