• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Мәслихаттар атқарушы билікке тәуелді ме?

by Jasyn
20/10/2024
in Әлеумет, Топ
0
Мәслихаттар атқарушы билікке тәуелді ме?
0
SHARES
115
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сенатор Бибигүл Жексенбай өзінің депутаттық сауалында мәслихаттардың тиімділігі мен жергілікті халықтың мұқтажына орай әрекет ету туралы айтып берді. 

Депутат мәслихат туралы заңнаманың жетілмегендігі және оның мәслихат депутаттарының өкілеттігін шектейтіні, әсіресе бюджет және ресурстарды бөлу мәселесінде негізгі кедергі болатыны туралы айтты. Мәслихаттарды қаржыландыру да ұдайы жеткіліксіз болып келеді, бұл олардың жұмысына және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру мүмкіндігіне әсер етеді. 

«Мәслихат депутаттарының алдына халық мүддесінің білдіру жүктелген, бірақ сонымен бірге олардың заңнамалық және әкімшілік деңгейде мүмкіндіктері айтарлықтай шектелген. Мәслихаттардың шешім қабылдау өкілеттігі, әсіресе қаржы және бюджет бағытында жиі шектеледі. Бұл олардың жергілікті қажеттілік пен қоғамдық сұраныстарға тиімді жауап беру қабілетіне кері әсер етеді. Жергілікті өзін өзі басқару дербес десек те мәслихаттар атқарушы билікке аса тәуелді. Тұрғындар жергілікті басқару тетіктерінің жоқтығынан мәслихаттардың тиімділігі мен пәрменділігі төмендігін айтады. Мәслихат аппаратының қаржыландыруы толыққанды шешілмегендіктен оның функциялары талапқа сай орындалмай отыр», — деді Бибигүл Жексенбай.

Депутат сонымен қатар шалғай аудандарды кадрмен қамтамасыз ету мәселесін атап өтті. Азаматтар көбінесе мәслихаттың қызметі туралы біле бермейді және шешім қабылдаудан сырт қалады, бұл жұмыстың тиімділігін төмендетеді. Мұның бәрі жалпы мәслихат жүйесін, олардың рөлі мен жергілікті қоғамдастықтың дамуына ықпалын арттыру үшін реформалау қажеттігін көрсетеді.

«Мәслихаттардың жергілікті істерді басқаруға белсенді қатысуға мүмкіндік беретін қосымша өкілеттіктер қарастыру керек. Атқарушы және өкілді билік тармақтары арасындағы функциялардың қайталануын болдырмау үшін мәслихаттардың, әкімдіктердің және қоғамдық кеңестердің міндеттерін нақты айқындау керек. Депутаттардың халық алдындағы есеп беруін депутаттың сайлау алды бағдарламасымен байланыстыра отырып бір жүйеге келтіру керек», — деді Бибигүл Жексенбай.

Фото: «Жақсы аудандық мəслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі

Tags: әлеуметдепутатмәслихат
Jasyn

Jasyn

Next Post
Орман алқаптарында ағашқа сұраныс азайған

Орман алқаптарында ағашқа сұраныс азайған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

6-6,5 млн тоннаға жуық бидайды экспортқа шығаруға мүмкіндігіміз бар

6-6,5 млн тоннаға жуық бидайды экспортқа шығаруға мүмкіндігіміз бар

4 года ago
Болашақ аналар бас қосып, үлгі-өнеге алатын орда

Болашақ аналар бас қосып, үлгі-өнеге алатын орда

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In